«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет54/157
Дата18.06.2024
өлшемі352,27 Kb.
#203429
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

Нәтижесінің бағасы:

80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).



  • Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

  • Кері су балансы (<70%) ісіктің көбеюін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.

VІI. науқасты тамақтандыру


ХАЛІ АУЫР НАУҚАСТЫ ТАМАҚТАНДЫРУ


Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: Қатаң төсек жәнетөсек тәртібінде жатқан, хал-жағдайы ауыр науқас.
Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, су беретін ыдысты, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұраңыз.

  2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

  5. Тумбочкіге немесе кереует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

  6. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаңыз, (Фаулер қалпын).

  7. Науқастың басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егер де отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе су беретін ыдысты тамақпен ауызына жақындатыңыз.

  8. Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе су беретін ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

  9. Аузында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

  10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

  11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Ескерту: - егер де науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.
- Ыстық тағамның температурасы шамамен 570С -620С, салқын -150 С- кем емес!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет