«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет9/157
Дата18.06.2024
өлшемі352,27 Kb.
#203429
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

Хлорамин ерітінділерін даярлау



Ерітіндідегіхлораминніңқоюлық дәрежесі(%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажетті компоненттердіңмөлшері

1л-ге

10л-ге

Хлораминнің мөлшері (г)

Судың мөлшері (мл)

Хлораминнің мөлшері (г)

Судың мөлшері (л)

0,5

5

995

50

9,95

1

10

990

100

9,9

2

20

980

200

9,8

3

30

970

300

9,7

5

50

950

500

9,5



5% гипохлорит кальций негізгі (маточный)
ерітіндісін даярлау


Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
Дайындаңыз:0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киіңіз.

  2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, ағаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.

  3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.

  4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оныңқоюлық дәрежесін және ерітіндінің атынкөрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны бекітіңіз.



Ескерту:

  • ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастынқолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;

  • негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттыңқұрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.



Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау



Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

10 л-ге

1 л-ге

Негізгі 5% ерітінді (л)

Судың мөлшері (л)

Негізгі 5% ерітінді (мл)

Судың мөлшері (мл)

0,25

0,5

9,5

50

950

0,5

1

9,0

100

900

1

2

8,0

200

800

1,5

3

7,0

300

700



Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту
кезеңдері
(ҚР ДСМ № 87 бұйрығы 17.01.2012ж.)

Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.


Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.
Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан құюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.
Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі.
Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процесінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:
1 кезең – зарарсыздандыру,
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет