«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ (



бет97/157
Дата18.06.2024
өлшемі352,27 Kb.
#203429
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   157
Байланысты:
«мейірбике ісі негіздері» Пәні бойынша мейірбикелік технологиялар

Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйеГІН ТЕСУГЕ (пункциясына) дайындау


Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларының диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.
Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, тері антисептигін, 5 спиртті йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

  3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

  4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

  5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

  6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

  7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигіменөңдеңіз, қолғапты киіңіз.

  8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спиртті йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын тері антисептигіне спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

  9. Жұмсақ тіндерге қабаттау инфильтрациялық анестезиясын (жансыздандыруды) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде төс сүйегінің ортасына жүргізіңіз.

  10. Кассирский пункциялық инесінешектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

  11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

  12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

  13. Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен немесе тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған таңғышты салып, лейкопластырьмен бекітіңіз.

  14. Қолғапты шешіңіз.

  15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

  17. Науқасты палатаға апарыңыз.

  18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.



Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Ол иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   157




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет