«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет157/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егер де емшара палатада орындалса).

  3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

  6. Науқастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке крушканы іліңіз, оған ұштықты кигізіп, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

  7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

  8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

  9. Кушетка үстіне клеенканышылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

  10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

  11. Сол қолдың Іжәне II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оңқолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішеккеқарайжылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағытыбойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10см тереңдікке енгізіңіз.

  12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпентерең дем алуын сұраңыз (егер де су ішекке түспесе, онда крушканыжоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдамтүсуі ауыр сезінуді болдырады, егер де нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

  13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тартүбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалықозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

  14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжістіжақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

  15. Егер де емшара палатада орындалса, науқасқа дәрет ыдысын (судноны)беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

  16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

  17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісінесалыңыз.

  18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

  19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.


Ескерту:

  • тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егер де 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шықса;

  • атониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;

  • егер де науқас нәжісті аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет