Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.
35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.
Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.
Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.
Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.
Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.
Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.
Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.
Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |