Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).
Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.
Ескерту:
сүлікнауқастың қанынаөзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;
сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;
асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;