Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жайлы қалып алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), науқасқа қуықты және ішекті босатуын ұсыныңыз.
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз.
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Флаконды ашқан күнін белгілеңіз.
Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.
Иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімнің үстінен бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз.
Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз.
Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз..
Қолғапты тері антисептигіменөңдеңіз
Көк тамырды тесетін жерді, алдымен үлкен көлемді, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жердітері антисептигіне суландырғанмақта шариктерімен тізбектілікпен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың IV-V саусақ аралығына алыңыз.
Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың І саусағымен басыңыз.
Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның еңкейту бұрышын азайтыңыз.
Инені көк тамыр бойымен итеріп, оның 1/3 ұзындығына көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз.
Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді.
Сол қолмен бұрауды (манжетаны) босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз.
Ине тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.
Жүйенің қысқышын ашыңыз.
Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ерітіндінің түспеуін. Науқастың жағдайын бағалаңыз.
Түтіктің бір бөлігіне және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз.
Енгізу жылдамдылығы тұрақты болуын қадағалаңыз.
Дәрілік ерітіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және хал-жағдайын бақылаңыз.
Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарыпалыңыз, тері антисептигіне суландырған 3-ші мақта шаригін 3-5 минутқа басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут қан ағу тоқтағанға дейін бүгіңіз.
Жүйеніжәне инені, қалпағын кигізбейқолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |