Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).
Дайындаңыз: қақпағы бар бір рет қолданылатынконтейнерді, жолдаманы контейнердің сыртқы бетіне жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы), қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың сыртқы жыныс мүшесін жуыңыз(стандартты қараңыз).
Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.
Даярланған контейнерге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.
Жолдаманы толтырыңыз. Бөлімін, палатасының номерін, науқастың аты-жөнін, зерттеу мақсатын, зәрді алған күнін, мейірбикенің қолын көрсетіңіз
Жиналған зәрді лабораторияға апарыңыз.
Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту: тәуліктің кез-келген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |