«мейірбике ісі негіздері» ПӘні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау



бет221/254
Дата22.04.2020
өлшемі499,1 Kb.
#63800
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   254
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ

Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау

іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек
Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы.

Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды.
Іс-әрекет алгоритмі:


  1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

  2. Дайындау ережесін бұзыуының.

  3. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз.

  4. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтынын науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайтын дәрілер.

  5. Науқас зерттеу қарсаңында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды.

  6. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек.

  7. Зерттеу қарсаңыңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз.

  8. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды.

  9. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады.

  10. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз.

  11. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз.

Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары):



  • науқастың дайындығы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі;

  • науқасқа зерттеуге 2-3 сағат қалғанға дейін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін ескертіп қойыңыз;

  • науқастанзерттеуге дейін кіші дәретке (толық қуық) отырмауын сұраңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   254




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет