Науқасты ылғалДЫ сүрту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
Қолдану көрсетілімдері:науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртібі кезінде.
Дайындаңыз: клеенканы, жаялықты, лотокты, шылапшынды, t-35-37°С жылы суды, сүлгіні немесе салфетканы, ауыстыратын іш киімдерді және төсек-орын тыстарын, қолғаптарды, шүберектен тігілген биялайды, лас төсек-орын тыстарына арналған қапты.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастың астына клеенканы төсеңіз.
Шылапшынға жылы су құйыңыз.
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.
Салфетканы, сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.
Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
Қолдың тырнақтарын алыңыз.
Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
Қолғаптарды шешіңіз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |