Мейірбикелік модель бұл мақсатқа жетудің бағыты



Дата05.02.2022
өлшемі19,43 Kb.
#130822
Байланысты:
Документ


Біз медбикелік концепцияны іске асыратын, науқасты зерттегенде,және де басқада мейірбикелердің назарын қалай аударуға болатыны туралы, және медбикелік іс-әрекеттердің қандай болатынын көрсететін құрал-Мейірбике моделі б. Т
Мейірбикелік модель – бұл мақсатқа жетудің бағыты.
Жалпы әрбір модель емделуші мекеме ретінде пациенттің мәнін түсіну, мейірбикелік мақсат, мейірбикелік күтім нәтижелерін бағалаудың түрлі жолдарын көрсетеді.
Барлық мейірбикелік модельдерде мейірбикенің төрт аспектілері бар: науқас, мейірбике ісі,қоршаған орта, денсаулық.
Қазіргі танда әлемдік тәжірибеде мейірбике ісіндегі 30-дан астам мейірбике күтімі үлгісі бар.
Және олар мынадай негізгі мәселелерді қарастырады:
• Пациенттің анықтамасы
• Науқастың проблемаласы
• мейірбикенің басымдылыҒы
• мейірбикенін рөлі
• Іс-ірекет жасау жолдары
• сонгысы Күтілетін нәтиже
Мейірбике үлгісі мейірбикенің мәнін көрсететін негізгі құрылым болып табылады.Сонымен қатар Мейірбике үлгісі: мейірбикелерді дамытуда,білім беру, зерттеу және тәжірибе саласында жетекші рөл атқарады. Бұл сонымен қатар, кəсіби білімді қалыптастыруға жəне мейірбикенің түрлі салаларында жұмыс істейтін медбикелер арасындағы байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.Қазіргі таңда мейіргер ісінің алты моделі қарастырылады:
• Эволюциялық – бейімделу
• Қосымша– толықтырушы моделі
• Мінез-құлық жүйесінің моделі
• Өзіне күтім көрсетутапшылығының моделі
• Бейімдеу моделі
• М.Алленнің концептуальды моделі
Хендерсон моделі қазіргі кезде мейірбикелер арасында кеңінен танымал.Жалпы Хендерсоннын моделіне сай, пациент барлық адамға бірдей А.Маслоу теориясына негізделген 14 өмірлік маңызды қажеттіліктерді иеленеді. Жалпы дені сау адам бұл қажеттіліктерді қанағаттандыруда қиындық сезінеді. Дегенмен, ауыру кезеңінде, жүктілікте, балалық және кәрілік шақта, өлім жақындағанда ол бұл қажеттіліктерді өз бетінше қанағаттандыра алмайды. Дәл осы сәтте мейірбике оған көмектеседі.
В.Хендерсон моделінде мейірбикенің рөлі қос жақты. Бір жағынан, ол адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша мәселелерді шешетін маман; екінші жағынан – дәрігердің көмекшісі, өйткені мейірбике оның нұсқауларын орындайды
Қарым-қатына жасай білу мейірбикеге аса қажет ептіліктердің бірі. Және дұрысқарым қатынас жасай білу пациентпен, оның отбасымен, дәрігермен, басқа мамандармен өзара әрекет етуі үшін өте керек.
Қарым-қатынас жасаудың үш деңгейі болады:
1. тұлғашілік – жұмыс кезінде өзімен-өзі;
2. тұлғааралық – екі немесе одан да көп адамдар арасында;
3. қоғамдық – бір адамның үлкен аудиториямен қатынасы.

Қарым-қатынастың каналдары болады олар:


- ауызша сөз – сөйлеу арқылы қарым қатынасжасайды, ал алушы оны есітеді;
- сөзсіз хабарлама – мимика, ым-ишараттар, кейіптер, әрекеттер арқылы қарым қатынас жасайды– алушы оны көреді;
- жазбаша хабарлама – жазба арқылы қарым қатынасжасайды, алушы оны оқиды.
Қарым-қатынастың вербалдық (сөздік) және вербалдық емес (сөзсіз) болуы мүмкін.
Вербалдық яғни сөздік қатынасты ықпалды ету үшін:
- баяу сөйлеу, жақсы баяндау, қарапайым қысқа сөз тіркестерін қолдану керек;
- мамандыққа байланысты термин сөздерді қолданбау;
- қатынас үшін қолайлы уақытты таңдау керек;
- өзіңізді дұрыс түсінгеніне көз жеткізу.
Жазбаша қатынаста ұқыпты жазылу, әріптердің дұрыс өлшемі мен түсі дұрыс тандалуы, сауатты жазылуы, түсінікті және қарапайым сөздермен жазылуы ыңғайлырақ болады.
Пациентпен сөзсіз (вербалдық емес) қатынас жасауда мейірбикенің сыртқы түрі мен бет әлпеті үлкен рөл атқарады.
Қорытынды
Мейірбикелік күтім моделі мейірбикелік практиканың элементтерін құрайтын жүйелі, логикалық, ғылыми негізделген тұжырымдамалардың жиынтығы болып табылады.Мейірбике ісі моделі: мейірбикелерді оқыту, зерттеу жүргізу, практикалық іс-шараларды жүргізу, күтім жасау үшін, мейірбикеге қамқорлыққа баса назар аударуға, науқастың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет