Бактериологиялық зерТтеуге «ашық нәжістен»
нәжісті пробиркаға алу
Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағыадамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.
Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу,өткір ішек жұқпалы аурулары.
Дайындаңыз: мақта-дәке тампондарымен тығыз жабылған,материал алу үшін темір ілмекке өзек қондырылғанзалалсыздандырылған пробирканы, судноны немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарындашты), штативті, тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.
Қолыңызды антисептикпентазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.
Бактериологиялық лабораторияға жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.
Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді пробиркаға стеклографпен белгілеңіз.
Пробирканы штативке орнатыңыз.
Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.
Оң қолымен тік ішектік ілгекті пробиркаданалыңыз (пробирканытығыз жапқан мақта-дәке тампонының тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).
Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).
Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Пробирканытығынымен тығыз жабыңыз.
Пробирканыштативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.
Биксті «кілтке» жабыңыз.
Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз.
Ескерту:
нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;
өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;
материал лабораторияға жеткізгенше тоңазытқышта t-4-60С сақталуы қажет;
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |