«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ


Мақсаты: науқасты тамақтандыру. Қолдану көрсетілімдері



бет55/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны құйғыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-450С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақпен қысқышты, жабысқыш пластырьді.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.

  3. 35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.

  4. Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.

  5. Қолыңызды антисептикпентазартыңыз, қолғапты киіңіз.

  6. Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.

  7. Резеңке түтікке шыны құйғыны жалғастырыңыз.

  8. Құйғыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.

  9. Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға құйғы арқылы енгізіңіз.

  10. Шайды ішкізіп болған соң құйғыны және резеңке түтікті жуыңыз.

  11. Құйғыны алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  12. Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

  13. Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

  14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


Гастростоманы күту


Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет