Науқасқа ұнтақты қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).
Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.
Қолыңызды антисептикпентазатыңыз.
Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.
Науқастан басын көтеруін, аузын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.
Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.
Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.
Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.
ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ СЫРТҚЫ ЖОЛМЕН ЕНГІЗУ
МҰРЫНҒА ДӘРІЛІК ТАМШЫНЫ ТАМЫЗУ
Мақсаты: емдік
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта шариктерін, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылытыңыз.
Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.
Антисептикалық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.
Мұрын жолдарын қараңыз, егер де бөлініс немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).
Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.
Оң қолға мақта шариктерін алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.
Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.
Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.
Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.
Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.
Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.
Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.
2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Науқастан хал-жағдайын сұраңыз.
Қолыңызды жуып кептіріңіз.Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта шариктерін, мақта турундаларын, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |