СеппеНІ қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.
Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.
Антисептикалық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.
Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).
Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
дәрілік жабысқақ Пластырьдісалу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит (бұлшық еттің қабынуы) тері мүйізгегі.
Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.
Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, шымшуырды (пинцетті), антисептикалық ерітіндіні, қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерді,дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.
Антисептикалық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.
Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз.Оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.
Пластырьды қажетті көлемде қайшымен қиыңыз. Пластырьдегі қорғаныш жұқа қабығын алыңыз.
Науқастың терісіне пластырьді салып, аздап қана басыңыз.
Пластырьді алар алдында шетін спиртпен сүртіңіз, оны шаштың өсу жолы бойымен ақырындап алып тастаңыз.
Қолғапты шешіп,қауіпсіз жинауғажәне жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
пластырьді 2 тәулік бойы алмайды, егер де қатты тітіркендіруі сезілмесе;
пластырь қатты күйдірсе, оны алып, сол жердегі теріге вазелин жағыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |