Диастазаға зәрді жинау
Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).
Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.
Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банкані; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы).
Іс әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.
Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз.
Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.
Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.
Қантты анықтауға зәрді жинау
Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.
Дайындаңыз: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты
Іс- әрекет алгоритмі:
Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.
Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.
3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).
Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).
Қолғапты киіңіз.
3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.
3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.
100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.
Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Ескерту:
Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.
Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).
Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |