Инсулинді енгізу
Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.
Қолдануға көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.
Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.
Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.
Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті.
Дайындаңыз: флакондағы инсулин ерітіндісін, 700 спиртті, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге оның келісімін алыңыз;
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.
Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.
Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.
Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-370С дейін жылытыңыз.
Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.
Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.
Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.
Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.
Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.
Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.
Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.
Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.
Шприцті оң қолыңызға алыңыз.
Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.
Тері асты майлы қабатын ортасына 30-450 бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз.
Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.
Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.
Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
Науқасты тамақтандырыңыз.
Қолғапты шешіңіз.
Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып кептіріңіз
Достарыңызбен бөлісу: |