«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет15/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Темперамент- деп психикалық процестер ағысының жылдам, не баяулығы, қимыл – қозғалыстар мен көңіл күйдің түрлі деңгейіне адамның жүйке саласының тыстан берілетін ерекшеліктерінің жиынтығын айтады. Темперамент адамның жеке қасиеттерінің ішінде айрықша белгілермен ерекше көзге түсіп отырады. Темперамент ұғымын жан қуаттарының ағысы (тез немесе өте баяу) қозу, тежеу процестерінің дәрежесі (тез не баяу), көңіл күйінің деңгейі (тұрақты, тұрақсыз) сияқты ерекшеліктерін құрастырады. Осы шарттарды негіз етіп, айтылған ерекшеліктерді еске алып, тнмпераменттерді 4 түрге бөлуге болады. Олар: 1. Сангивиникалық. 2. Холерикалық. 3. Флегматикалық. 4. Меланхоликалық темперамент.
Мiнез –жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жанжақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
Қабілет - тұлғаның қызмет түрлерін атқару тәсілдерін жетік меңгеруінен көрініс табатын, оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын, жемісті нәтижеге қол жеткізу мүмкіндіктерін көрсететін дара - психологиялық ерекшелігі.
Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан, әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып (бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет