«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


II - СОӨЖ Эмоциялардың негізгі түрлері



бет167/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

II - СОӨЖ
Эмоциялардың негізгі түрлері
Эмоция - сезімдердің сыртқы көрінісі.Эмоция (лат.enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді
Күрделі эмоциялардың түрлері:
1) Көңіл адамның кейпіне қарап шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне темперамент қоршаған орта әсер етіп отырады.
2) Аффектдегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффект жағдайында адам өз іс - әрекетін, айтқан сөзін бақылай алмай қалады.
3) Құмарлықадамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүниеге, байлыққа, ойынға, ақшаға құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз.
Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.
Жағымды эмоциялар – адамға күш қуат беріп, әрекетке итермелеп отырады. Мысалы, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет