«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет92/200
Дата24.09.2023
өлшемі1,16 Mb.
#182238
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
Байланысты:
«Мейіргерлік істегі психология ж не коммуникация негіздері» п ні

Көру мүшeci — көз. Оның непзп бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі қабықпен (ақ түстің тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Ақ қабықтың түсі пісірілген жұмыртқаның ағына ұксас. Мұның алдыңғы жағы аздап дөңестелген Tycciз мөлдір касаң кабықка (роговица) айналады. Мөлдір касаң қабық аркылы көз алмасының iшiне жарық сәулесі енеді
Тамырлы қабы қақ қабықтың астында жатады. Ка­саң қабықтың артқы жағы, тамырлы қабықтың алдың­ғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Көздің Tүci осы нұрлы қабықтағы пигментке байланысты түрліне бо­лып келеді Нұрлы қабықтың ортасында қарашық орналасқан.
Ең iшкi, үшінші қабықты торлы қабық дейді. Мұнда жарық сәулесінің сезімтал таяқшасы (палочка) және шақша (колбочка) деи аталатын фоторецепторлары орналаскан. Онда 130 миллионға жуық таяқша, 7 миллиондай шақша клеткалары бар. Таяқшалар ымыртта, қараңғыда көрудің, ал шақшалар күндіз көрудің аппа­раты делінеді. Шақшалар торлы қабыктың ортасына, ал таякшалар оныц шетк1 жағына орналаскан. Таякшаның клеткаларында көру пурпуры (зрительный пурпур) де­ген зат болады, бұл жарықтың әсершен химиялык жол- мен бөлшу арқылы көру нервтерш қоздырып отырады.
Көру мүшесі үшін ми қабығы (оның желке бөлімін деп көру орталығы) сондай-ақ көмекші анатомиялық аппараттардың да (қабақ, кірпік, қас т. б.) тиісінше қызмет атқаратыны түсінікті.
3аттардың түстерін көру «үш тусті көру» теориясымен түсіндіріледі Осы теорияны алғаш ұсынған ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов болса, оны одан ары дамытқан немic ғалымы Г. Гельмгольц Осы аталган ға- лымдар көздің тор қабығында үш түрлі жұмыр клеткалар бар, олардың бip-бipiнeн айырмашылығы жарық сәулелерінің әсерін түрлше сезетіндікте деп жорамал жасады. Егер көзге ұзын толқынды сәуле әсер етсе, онда 6ipіншi жұмыр клеткалар қозу күшінде келеді де, осының нәтижесінде қозса, онда жасыл түсті түйсіну пайда болады, ал үшінші жұмыр клеткаларының қозуы күлгін түсті түйсінуге мүмкіндік береді Осы ұш жұмыр клетка қатар қозатын болса, Kici ақ түсін түйсінеді, ал бұлардың қозу күші әр түрлі болып келсе, аралық түс­тер түйсніледі. Заттың түстерін дұрыс айыра алмау көздің тор қабығындағы осы аталған үш түрлі жұмыр клеткаларыныц жұмысына зақым келуден болады. Заттың түсін сезбейтін адамдарды ахроматтар деп атайды. Оларға айналадағы нәрсенің барлығы 6ip түсті болып көрінеді. Tiптi осы клеткалардың 6ipeyінің кызметі бұзылса да адамға заттын түстерін дұрыс түйсіну киын соғады. Түстерді көре алмайтын адам зор азап шегеді. Мұндай адамдарды кейбір мамандықтар бойынша жұмысқа қабылдамайды. Мәселен, паровоз машинистери шоферлер мен трамвай жургізушілер түстерді жақсы ажырата білуi қажет. Өйткені светофорда тек қызыл және жасыл түс қана болады. Осы түстерді ажырата алмай қалушылық транспорттын апатқа ұшырауына себеп болады. Сондықтан осындай жұмыстарға адам алғанда олардың түстіi айыра білу қaбiлeттepiн дәрігерлік комиссия аркылы анықтап отырады.
Түстерді бipiмен-бipiн араластыру, яғни бұлардың қоспасынан жаңадан бip түс шығару да белгілі зандылықтарға негізделген. Мәселен, қосарлап алынған таза спекторлық түстердің косындысынан (қызыл мен жа­сыл, көк пен сары) ахроматикалык, бояусыз түстер (ак, қара түс) шығады. Хроматикалық түстердің осы айтылғаннан басқа кез келген еш жұбын араластырса, қан­дай болмасын 6ip аралық түс — түстің peнi келіп шы­ғады. Мәселен, қызыл мен сары түстің косындысынан күлгін түс пайда болады.
Басқа түйсіктер тәрізді көру түйсігi де тарихи дамудың нәтижесі. Адам көзінің заттың түсін ажырата алу кабілетін 6ірден калыптаспаған. Талай ғасырлық дамудың нәтижесінде еңбек процесінің үстінде, заттың түсін ажырата алу кабілеті 6іріншіден қалыптасқан. Бұл пікipдің дұрыстығын мына 6ip мысал жақсы көрсетеді. Жаңа туған балаға айналасындағы заттар мен кұбылыстар біркелкі болып көршеді. Ол заттың түсін тек 5—6 айдан былай қарай айыра бастайды. Баланың осы кабиетін дамытуда бояулы ойыншықтар үлкен рөль атқарады. Ал көру түйсіктерінің дамуына еңбек процесінің, адамның нақтылы мамандығының қалайша әсер eтiп отыратындығын мына 6ip мысал жақсы дәлелдейді. Мәселен, қа­ра мата тоқитын тәжірибелі тоқымашылар 6ip қара түстің өзінен-ақ оның 40 қа жуық ренкін ажыратса, қалған адамдар осының 2—3 түрінен зорға айырады.
Ә. Есту түйсіктері
Ecту мүшесінін тітіркендіргіштерін ауа бөлшектер бітістері — дыбыс толкындары. Ауа бөлшектер белістері тербелудің жиілігі амнлитудасы (құлашы) жэне тербелудің түріне карай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйактерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленyi, дыбыстың қаттылығы— бұл тербелу амплитудасынын сәулеленуі тембрі — тербелі түрінің сәулеленуі Біздің құлағымыз бip секунд ішінде 16 тербеліктен немесе герцтен 22 мың герц (тербелк) ішігндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиіліп бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жінішке, ультра дыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да кұлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай тypiн инфрадыбыстар деп атайды.
Tүйсік туғызатын дыбыстар музыкалық (ән, музыка аспаптарынан шығатын дыбыстар) және шулар (сан алуан сықыр-тықыр, дурал, гүрсіл-сарыл т. б.) болып жіктеледі. Бұлардың құлаққа жағымдыларын консонас, жағымсыздарын диссонанс дыбыстары дейді.
Есту мүшеci — кұлақ үш бөлімнен тұрады. Оның 6iріншіci — сыртқы құлақ, сыртқы құлакқа дыбыс түтінмен қосылған кұлақ қалқаны жатады. Ортаңғы қүлаққа (бұған дыбыс жарғағы, және үш есту сүйекшелер: балғашық, төстік, узенгі кіреді Есту мушесінің үшінші бөлiгi — iшкі құлақ. Ішкi құлақтың бітісі өте күрделі. Оныц өзі үш бөліктен: босағадан, иірім түтіктен және жартылай имек каналдардан тұрады. Бүкіл нeгізгіжарғақты бойлай к о р т и мүшесі (дыбыс тітіркендіргіштерін қабылдайтын аппарат) орналасқан. Оның құрылысы да өте күрделі Корти мушесінің аса маңызды бөлігі — өте жіңішке талшықтары бар сезімтал клеткалардан тұрады. Ол клеткалар дыбыс қабылдайтын рецептюрлар деп аталынады.
Есту түйсіктерінің табиғатын Г. Гельмгольцтың ре­зонанс теориясының негізінде түсінуге болады Г. Гельмгольц кору мүшесіндегі ұзын нерв талшықтары музыка аспабының қылы тәрізді төменгі дыбыстарды қабылдайды да, ал кысқа нерв талшықтары керісінше, жоғарғы дыбыстарды қабылдайды деген пікіp айтқан. Бұл жорамал кейіннен И. П. Павлов лабораториясында да эксперимент арқылы дәлелденген. Мәселен, иттің негізгі жарғағындағы ұзын талшықтарды сылып алып тастағанда, ол төменті дыбыстарды кабылдай алмаған, ал қыска талшықтары кесіліп алынғанда, бұрынғы үйренген жоғарғы дыбыстарды қабылдаудан қалған.
Есту түйсігi де сыртқы дүниені танып, білуде зор маңыз атқарады. Есту түйсігі әcipece тілді меңгеруге аса кажетін түйсік. Сөздің мәнін ұғу, оны дұрыс түсіну және 6ipeугe айтып беру дұрыс есту мейілінше жүзеге аспайды. Әрбір адамның ана тілі оның есту түйсігінің дамуына күшті әсер етеді. Дыбыстардың нәзік айырмашылықтарын ажырата алу — есту түйсігі жөнді жетілмеген адам­ға қиынға түседі. Ал есту түйсігіндегі кемістік адамның пснхологиясына да кepi әсер етеді. Мәселен, кұлағы на­шар еститін адамдардың көңіл күйінің жабырқау болатыны да осыдан.
Музыканы eciтy қабілеті адамдарда біркелкі емес. Бұл олардың (күйдің) арқауын сезініп, дыбыстың гармониялық ара қатынасын ажырата білуге байланысты. Музыкалық қабілет абсолюттік және салыстырмалы болып екіге бөлінеді бірінші тypi өте сирек кездеседі.
Б. Иiс түйсіктері
Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына турлі химиялық заттардың әсер eтyi нәтижесінде иic түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезініп клеткалары бар. Ауамен 6ipгe мұрынға кіретін иісті заттар иіс мушесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйактерінің түрлері көп (хош иic, сасық иic, өткір иіс т. б.). Бipaқ бұлар әлі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген. Өйткені оларды дәм түйсжтерінен ажырату кейде қиынға соға- ды. Сондықтан да біз көбінесе белгілі бір иістін атын атаудан гөрі, иic шығарып тұрған затты атаймыз (темекі иісі, түтін иісі, шөп иci т. б.). иic түйсікктepi адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына карай да ерекше дамып отырады. Мәселен, Африкадағы бушмен тайпалары арыстанның, жирафтың, зебрдің иісін иіскеп жүріп-ақ оңай тауып алады, олар иістi ең жақсы аншы иттерден артық біледі. Индияда жыланның жатқан жерін шешен біліп табатын адамдар бар.
Иістi жақсы сезу соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген Мәселен, олар бөтен адамдарды, түрлі нәрселерді алыстан-ақ иісінен «таниды». Үйге кірген адамды да, таныс көшесін де, тұрған үйін де олар иicіне қарап оп-оңай айыра алады. Түрлі иістердің табиғатын зерттейтін ғылым саласы олтфактроника деп аталады.
Иіс түйсіктері адамның көңіл күшне, жалпы психикасына жағымды не жағымсыз әсер калдыруы мумкін. Мәселен, жұпар иісті гүл — адамның көңілін cepгітce, шылымның түтіні — басты ауыртады. Парфюмериялық затардың сапасын арттырып отыру — адам психикасына қолайлы әсер етудің бip факторы екендігі даусыз.
Мектеп оқушыларының иic түйсіктерін тәрбиелеу — мұғалімдердің тел icтерінің, бipi. Мұғалім сабақ үстінде де, сабақтан тыс кездерде де баланың айналасындағы заттарды жан-жақты танып білуде, мәселен, ауаның тазалығын дұрыс талғай білуге, орманның, гулденген бақтың, шабындықтың хош иістерін, қарағай, шырша ағаштары шайырының жұпар иісі, теңіз жағалауындағы ауаның тұзды-сортаң иiсiн сезетіндей мүмкіндік туғызуы қажет. Оқушылар бұлардың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иic тигізетін газ, түтін т. б.) айыра білетін болсын.
В. Дәм түйсіктepi
Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктepi. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға epiгіш түрлі химиялық заттар. Дәмді тәтті, ащы., тұзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, Дәм түйсіктepi бірімен-бipi ара- ласып жататындықтан адам кебінесе дәмді де дұрыс айыра алмайдын Мәселен, тымауратқан адамның дәмді айыруы бәсең алатындығы — дәм, иic түйактерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрлше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді— тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбi, қышқылды — тілдің eкi жақ иістi, тұзды тілдің ұшы мен eкiншісі жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам кешке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткенi, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды. Балада дәм түйсігі ерте дами бастайды. Бұлар түрлі тамақ заттарының қасиеттерін айыра алу жолымен жетіседі. Дәм түйсіктepi де адам психологиясына түрлше әсер eтіп, iз қалдырып отырады. Мәселен, дәмді тағамдар — адамның тәбетін арттырады. Тәбет — дәм нервтерін қоздыратын психика­лық акт. Асты көңіл қойып, сүйсіне iшy адамға қай жағынан да, қандай жағдайда да қолайлы әсер етеді. Түйсіктердің басқа түрлері сияқты дәм түйсіктерін де адам қажетіне қарай жақсы дамыта алады. Мәселен, тамақ өнеркәсібінде істейтін адамдардың (дегустаторлардың) дәм түйсігі айтарлықтай жетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет