4) Мәдениет аралық біліктілік дегеніміз не? Әр түрлі мәдениет өкілдерінің бір-бірімен тікелей қарым-қатынасқа түсуі барысында немесе мәдениет аралық коммуникацияға үйрететін арнайы курстарда мәдениет аралық біліктілігі қалыптасады. Бұл қабілет мынандай дағдылардан тұрады:
1. әлеуметтік жағдайларды реттеудегі нормаларды тану.
2. мәдени-рөлдік құрылымдарды түсіну.
3. бет келбеттегі ым-ишараны меңгеруге деген қабілеттілік.
4. серіктесіңіздің «Мен – концепциясын» білу.
5. жағымсыз мінез-құлықты ескерту үшін эмпатиялық сезімдерді дамыту.
6. нақты мәдениет аралық интеракцияға қатысушылардың мінез-құлқын түсіну.
7. жағдайға орай мінез-құлық формаларын тану мен қайта жаңғырту.
8. әлеуметтік жағдайдың қалыпты мінез-құлық репертуарын білу.