«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет99/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

4.Ес туралы теориялар
Ес — күрделi психикалық процестердiң бiрi. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секiлдi процестерден тұрады. Естiң физиологиялық негiздерiн бiр кезде И. П. Павловтың жүйке жүйесiнiң пластикалық қасиетi туралы iлiмiмен түсiндiретiн. Жүйке жүйесiнiң пластикалылығы дегенiмiз түрлi қозулардан қалған әсерлердiң қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабiлетi. Уақытша байланыстардың тiкелей тiтiркендiргiштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бұрынғы байланыстардан iз қалып отыратындығын көрсетедi. Бiрақ бұл жалпы долбар. Өйткенi адам есiнiң мимен қалайша байланысты екендiгi жөнiнде ғылымда әлi нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеушi ғалымдардың бiр тобы оны мидағы электр құбылыстарымен байланыстырса (естi зерттеудегi электро физиологиялық бағыт) ендi бiр зерттеушiлер естi мидың нейро-химиясына қарай түсiндiргiсi келедi. Соңғы багыттың өкiлдерi мидың кейбiр клеткаларын (нейрондарын) бiр сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеиндi қышқылдар комплексiнiң табылуы) естiң бүкiл ми массасынан алатын орнын әлi анықтай алмай келедi. Бiр нәрсенi еске сақтау — оны байланыстыру деген сөз. Ес процесiнiң негiзi болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды, Егер бұрын бiрнеше объектiнi бiр мезгiлде немесе бiрiнен соң бiрiн елестетсек, не ойласақ бұлардың арасында байланыс пайда болады. Кейiн объектiнiң бiреуiн ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлегiн тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принциптi алғаш рет ойлап тапқан ежелгi грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384—322) болды. Аристотель ассоциацияларды тек тiкелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттiн, қалған түрлерiн (ойлау, қиял, ерiк т. б.) түсiндiруге бұл принциптi қолданбады. Ғылымда тұңғыш рет ассоциация iлiмiн шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы нсгiзде көптеген психикалық процестердiң табиғатын түсiнуге болатындырын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И.П. Павлов болды. И.П. Павлов психологияда ассоциациялар деп аталатын құбылыс ми қабығында екi қозу процесiнiң қабаттасып келуi не байланысты пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесiнде бекiп отыратын уақытша байланыстар екенiн түсiндiрдi. ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды “Уақытша жүйкелiк байланыс жануарлар дүниесiнде де, бiздiң өзiмiзде де байқалатын жан-жақты физиологиялық құбылыс. Сонымен қатар, ол түрлi әрекеттерден, әсерлерден құрылса да немесе әрiп, сөз, әлде ойдан құрылса да, психикалық құбылыс болып табылады, оны психологтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгiлi үш түрi бар. Олар: iргелестiк, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнiнде И. П. Павлов былай дейдi: “Шартты байланыс… бұл, сiрә, бiздiң бiр мезгiлдiк ассоциация дейтiнiмiз болса керек. Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келедi. Шартты рефлекстiң (ассоциациясылық) анализi мен синтезi, сайып келгенде, ой әрекетiнiң негiзгi процестерiмен мәнi бiрдей нәрсе”.Кезiнде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсiнуге болады: 1) Iргелестiк ассоциациясы бойынша бiр зат жөнiндегi елес өзiмен бiрге оған қатысы бар екiншi затты қоса туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкiн. 2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенiң, көрiнiстiң бейнелерi өздерiне ұқсас образдарды еске түсiредi, яғни бiр зат жөнiндегi елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екiншi затты елестетедi. (Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзiн, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуiн т. б.) 3) Қарамақарсылық ассоциациясында бiр зат туралы елес оған қарама-қарсы екiншi затты не құбылысты еске түсiредi. (Ақ пен қара, биiк пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б.). Ес процестерiнсiз адам баласы мәдениеттiң қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетiле де алмас едi.
Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.
Адамның зейіні ырықты зейінырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.[1]
3ейін басқа процестерді сүйемелдейтін субъективтік фактор. 3ейінді кейде аттенционалды әрекеттер деп те атайды. 3ейін (А.Р. Лурия)— субъектінің қажетті ақпаратты таңдап алу, қимыл-қозғалыстардың таңдамалы бағдарламасын сүйемелдеп, қамтамасыз ету және осы бағдарламаның ағымын қадағалау процесі. 3ейіннің негізі ретінде тұлғаның қызығушылықтары мен қажеттіліктері, бағдарлары мен бағыттылығы тұрады. С.Л. Рубинштейннің пікірінше, зейінде сананың затпен байланысы көрініс табады. 3ейін мен объект өзара әсерде болады. Бір жағынан, зейін затқа немесе объектіге бағытталады, екінші жағынан, объект зейінді өзіне аудартады. 3ейіннің нақты бір объектіге бөлінуі субъектіге, яғни адамға ғана байланысты емес, сондай-ақ зейінді тудырған объектінің қасиеттері мен сапаларына да байланысты. 3ейіннің оянуы— бағдарлық-зерттеудің бастамасы. В.И. Страховтың тұжырымдауынша, шынайы зейін мен шынайы зейін емеспен қатар, адамда зейінді болып көріну және зейінді емес болып көріну деген қасиеттер кездеседі. Оны ол зейіннің сыртқы формасы мен оның шынайы күйінің кейде сәйкес келмеуімен түсіндіреді. Мінез- бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелегі. Ол әлеуметтік топтағы жеке адамның өмір қалпын бейнелейді және жүктелген іске, адамдарға қарым-қатысынан көрініп отырады. Күнбе-күнгі тіршілікте адам, әдетте, менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі, батыл не солқылдақ, табанды, ержүрек не байбалаңшыл болып сипатталады. Бұл сөздер арқылы адамның бір нәрсеге (моральдық қасиеттер), не мінез-құлық амалына (жеке адамның ерік сапалары) қатысы аталады. Олай болса, мінез негізінде жеке адамның моральдық-еріктік қасиеттері жатады.
Жеке адамға не адамдар тобына тән өзіндік қарым-қатынастар, мінез-құлық пен қимыл қозғалыстардың тәсілдері - кісінің танымы мен іс-әрекетінде, тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде қалыптасады.
Егер адамның бойында өзіне тән ұқыптылық пен сыпайылық қалыптасса ол қай ортада болмасын өз орнын таба біледі. Жақсы мінез, тазалық, жинақылық, ұқыптылық, сыпайылық барлығы мәдениеттің негізі. Бойымызға ең жақсы қасиетті жинап, басқаларға нұрдай шашып жүру қандай керемет! Одан, өзің де, өзгелер де ерекше көңіл-күй алары айдан анық.
Ерсі қылық, есер сөз, қарқылдаған күлкі, жағымсыздық тағы басқалары арқылы сен жұрттың келемежіне айналуың әбден мүмкін...
Жұмысқа немесе өзің танымайтын жаңа ортаға барғалы жатқанда, ең бірінші өз мәдениетімізді, сенімділікті арттыруға тырысамыз. Себебі сол жердің табалдырығын аттағаннан бастап, өзіңді тек жақсы қырынан көрсетіп, биязылық танытып, жаныңдағы танысқалы жатқан адамдарға жылы жүз таныту – ең бірінші мақсат. Сен көркем мінезің мен мәдениетің арқылы достарың немесе ұжымыңның ең сыйлы адамына айналуың ғажап емес.
«Мінез - жанның айнасы», - демекші, мәдениеттің түп төркіні бойымыздағы мінезде жатыр. Адамның мәдениет деңгейін кез келген ортада аңғаруға болады. Мәдениеттің ең биігінде тұру үшін, өзіңді рухани жағынан тәрбиелеу керек. Яғни, бұл - өзін-өзі тану. Адамдар сырт көзге әдемі көрініп, іште жат қылық пен қыңыр мінезін сақтайды. Осы екеуін шамаң келсе таразының басында тең ұстау өз қолыңда. Жинақы киімің, әдемі мінезің мәдениеттің алғашқы сатысының бірі деуге болады. Сенің жақсы адам екендігіңді көрсететін мінезің. Мінезді бір қалыпты ұстау - мәдениет. 
Мәдениетті болу аса көп нәрсені талап етпейді. Оған тек жайдары мінез бен жинақылық керек. Адам өзін неғұрлым терең таныған сайын, мінез бен мәдениет деңгейі жоғарылай түседі.
Адамның ойының яки ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымына кірмейді. Ойы бір дәрежеде сезімдері бір қалыпты адамдардың мінезі әр түрлі болуға міндетті. Яғни жауыз адам мен мейірімді адам, құлықты немесе құлықсыз адамдар мінездес болуы мүмкін. Сондықтан мінез ақылға немесе сезімге байлаулы нәрсе емес, қайратқа байлаулы немесе мінез қайрат дәрежесіне қарап былай бөлінеді. Егер бір адамның қайраты күшті болса, сөзінен бір айырылмайтын, екеуі екі бөлек жайылмайтын болса, ондай адамның мінезі қатты, күшті мінез, берік мінез деп аталады. Егер де сөзбен, оймен іс бір-біріне қабыспайтын болса, ауыз айтқанда, қол істей алмаса, ондай адамның мінезі жұмсақ мінез деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет