«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет136/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

І.Тоқтамға келгіштік.
Тоқтамға келгіштік дегеніміз - адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетінің болуы.
Тез тоқтамға келу үшін адам әрбір ісін ой таразысынан өткізіп, асығып-аптықпайды. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, қателерді көре білу, тәуекелге бел байлай алушылық - тоқтамға келгіш адамға тән қасиеттер.
2.Табандылық.
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де жетуді көздейді.
3. Ұстамдылық.
Ұстамдылық дегеніміз - адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, босқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
4. Тәртіптілік пен жинақылық.
Тәртіптілік дегеніміз - адамның өз қимыл-қозғалысын, ойы мен тілегін әр уақытта ұжымның ырқына бағындыра алу қабілеті.
5. Ерлік.
Ёрлік дегеніміз - алға қойған мақсатына шексіз сенген, сол жолда ақтық демі біткенше бел байлаған, моральдық рухы жоғары адамның ғана қолынан келетін қасиет
ЖІГЕРЛІЛІК – адамның ұнамды ерік сапаларының бірі. Жігерлі, қажыр-қайратты кісі болып қалыптасудың жолдары сан алуан. Солардың бірі – денені шынықтыру, кедергілерді жеңіп үйренуге машықтану. Біреудің айтқанымен жүріп-тұру, өз бетінше дербес шешім қабылдаудан тайсақтау, бұға беру – жасықтықтың әр түрлі көріністері. Кейбіреулер Ж-ті өзім білемге салып, ұрда-жық мінез көрсетіп, тәртіп сақтамай әрекет ету деп есептейді. Бұл – қате түсінік. Адамның қайратты, жігерлі, қажырлы болуы оның көзқарасы мен сеніміне, арман-мұратына байланысты.
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан алуан.Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамга келгіштік, кедергілерді жеңе алу, өзін-өзі меңгере алу, батылдық шыдамдылық т.б.). Екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда кӛрінетін ерік сапалары); үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары жатады (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақылық т, б.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет