«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған


Әлеуметке қарсы пациенттер мен жұмыс барысында нені білуі маңызды?



бет175/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Әлеуметке қарсы пациенттер мен жұмыс барысында нені білуі маңызды?
Әлеуметке қарсы тұлға жақын тұлға арқалық қатынастарға түсе алмайды.Достық оларға тән емес қасиеттерді талап етеді. Әлеуметке қарсы индивиттер тек қана басқалардан алғанды жақсы көреді де,өздері бергілері келмегендіктен,осы жағынан отбасылық кикілжіңдер де туады.Олар тек қана өздеріне бағытталып,басқа адамдарда сезімі мен құқығы бар деп қабылдамайды,басқа адамдар олар үшін мақсатқа жету құралы ғана.Әлеуметке қарсы тұлға көбінесе өзінің сыртқы көріктілігін пайдаланып,қоршаған адамдар арасында паразиттік өмір сүреді.Көрсетілген себептердің арқасында медициналық қызметкердің мұндай пациентерге эмпатия көрсетуі қиын,әрі мағыналы қатынастар жасай алмайтындығы психотерапия мен кеңес берудің пайдалы болуына кедергі болады. Бірақ,әлеуметке қарсы тұлғаның сезімдерінің шексіз ұсақ екендігін ескере отырып,медициналық қызметкер эмоцияналдық контакты болмаған кезде өзін-өзі асығыс кінәламауы керек.
Әлеуметке қарсы тұлғалар медициналық қызметкерге өз еркімен сирек келеді.Әдетте,оларды мектеп немесе басқа мекемелер жібереді,сондықтан пациенттің кеңес алуға келу себебін ашып алу керек.Жогарыда атап кеткеніміздей,әлеуметке қарсы тұлғалармен контактіге түсу өте қиын,өйткені олар өздерінің күнделікті өмірдегі стилін кеңес беруге де алып келеді.Кеңес берудің басынан бастап,мұндай пациенттер медициналық қызметкерді, әсіресе тәжірибесіз,өзінің сыртқы көркімен,жалған мейірімділігімен, жағымпаздығымен алдап кете алады.Медициналық қызметкер көмектесемін деген ынтасының арқасында пациенттің манипулияциясының нысаны болып қалуы мүмкін.Осы тұрғыдан алғанда тәжірибесіз медициналық қызметкерлер үшін әлеуметке қарсы тұлғалар қауіпті болып табылады.Әлеуметке қарсы тұлға өзінің жағымсыз мінезі-құлқын дұрыс деп түсіндіріп,жауапкершілікті басқаларға итере салуға бейім болады.
Мұндай адаммен ұзақ қарым – қатынасқа түсу барысында өз-өзіне көңілі толмаушылық,қысылу, ұялу және ыза сезімі пайда болады.Әлеуметке қарсы науқастармен жұмыс барысында медициналық қызметкер өзінің сезімдерін айқындап,өзіне сенуі маңызды болып табылады,өйткені бұл науқас тарапынан болатын манипуляцияға қарсы және үлкен қиыншылықтарға қарамай жұмыс істей берудің бірден – бір емі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет