«Мейіргерлік істегі психология және коммуникация негіздері» пәні бойынша студентке арналған



бет56/287
Дата17.02.2022
өлшемі1,16 Mb.
#132271
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   287
Байланысты:
силабус2020пс (4444444444)

Нағыз суицид- қашанда жабырқау дағдарыстық жағдай немесе әмірден баз кешу жайлы ой, өмір сүрудің мэні жайлы ойланып күйзелу жатады.
Демонстративтік суицид- өлуге деген ниетпен байланысты емес, қайта ез проблемасына назар аудартудың эдіс-құралы болады, көмекке шақырады.
Жасырын суицид- өзіне-езі қол салу мінез-қылығының бір
түрі. Бірақ қатаң мағынада оның белгілеріне жауап бермейтін,
сонда да сол бағыт пен қорытындыға ие болады. Бұл іс-эрекет
көп жағдайда қауіп-қатер деңгейінің жогарғы ықтималдылығымен ұштасып жатады. Көп жағдайда бұл мінез-құлық тэуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды. Бұндай адамдар өмірден етудің ашық түрін таңдамай суицидалдық шартты мінез-құлықты қалайды. Бұларға автомобиль жүргізудің қауіпті түрі, спорттың экстремальдық қауіпті түрлерімен айналысуы, ерікті түрде ыстық нүктелерге барумен, эсері күшті есірткілерді пайдаланумен, ішімдікті қолданумен, сондай-ақ озін-өзі оқшаулау жатады.
Жан күйзелісіне шыдай алмау, жағдайдан шығудың жолын таппау, үмітсіздікке бой алдыру мен жеке басының дағдарысы, проблемада байланып қалу - осының бэрі айналып келгенде таңдауды тарылтып, өзіне-өзі қол салуға итермелейді.
Жас кезде көбінесе, мұндай мінез-құлықтар көп жағдайда жеке бас қарым-қатынастармен, мысалы бақытсыз махаббатпен тығыз байланысты болып, депрессияға ұшырауға бейім келеді. Депрессияның деңгейі көп жағдайда суицидалдық қорқыныштың шынайы көрсеткіші болып келеді. Жалпы айтқанда, жасөспірімдер арасындағы суицидалды мінез-құлыққа өз құрбылары мен ата-аналары арасындағы жеке қарым-қатынастардың да ықпалы эсерін тигізеді.
Тарихи тәжірибе көрсеткендей, медициналық, құқықтыкі
тыйымдардың қазіргі кезде пайдасы аз. Қазіргі кезде әлеуметтік
рухани қайта тәрбиелеудің мәні мен маңызы өте үлкен.
Тұлғаның қорғаныс механизмдері туралы ұғым
Көп жағдайда тұлғаның көздеген тұрмыстық қажеттіктері қандай да себептермен орындала бермейді, олардьі қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет: қылық психологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс тұлғаның қалыпты, табиғи болмысына; тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл-әрекетінде кезігетің ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады Мұндай психикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.
Психолгияда көптен бітпеген белгілі іс әсері деп аталатын құбылыс бар. Оның мәні - әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орындаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болғаң баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан мүлдай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы орайластырылған формасы деп түсінсе де болады.
Психологиялық қорғаныс түрлері келесідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет