3. Қазіргі уақытқа дкйін дәрігер мен науқас арасындағы тиімсіз қарым-қатынас неліктен жиі кездесуде?
Қазіргі уақытта дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас, әлі де болса, субъект-объект сипатында екенін айтуға тура келіп отыр және оның 3 басты себебі бар:
1)Дәрігер науқаспен терапевтік прцесс барысында, коммуникациялық кеңістік пен қарым-қатынас орнатуға және оған дайындалу керектігіне аса мән бермейді;
2)Дәрігер өзінің потенциалды мүмкіндіктеріне барлық жағдайларда сүйене бермейді. Дәрігер өзін эмоциясыз, жыныссыз «ойлаушы-нұсқау беруші» және бақылаушы машина іспетті сезініп, дәл осындай көзқараспен науқасқа да қарым-қатынас жасайды;
3)Дәрігер науқасқа тек медициналық нұсқаулардың орындаушысы, медициналық біліктілікке қабілетсіз объект деген түсінікпен ғана қарап, емдеу барысында осындай ойды басшылыққа алады.
4. Қазіргі заманғы дәрігер-студентті психологиялық тұрғыда дайындауда одан не талап етіледі?
Болашақ дәрігерді психологиялық тұрғыда дайындауда келесі мәселелер аса маңызды:
• Антропоцентрикалық философиялық көзқарастың қалыптасуы мен коммуникациялық мәдениет деңгейінің жеткіліктілігі;
• Адамның кез-келген іс-әрекеті және ең алдымен, дәрігер іс-әрекеті белгілі-бір құндылықтармен реттелініп отырады, бұл құндылықтар дүниеге көзқарастың ең басты құрамдас бөлігі болып табылады.
• Дәрігер маманның «Мен-концепциясының» қалыптасуы және өзіндік бағалауы қалыпты болуы керек;
• Эмпатия деңгейінің дәне (басқа адамның психологиясын сезіну) «клиникалық ойлау» мен кәсіби ұстанымның жоғары дамуы (..... өз құндылығын және басқа адамның құнды екенін сезіну, науқасқа емдеу процесінің белсенді қатысушысы ретінде қарым-қатынас жасау).
Достарыңызбен бөлісу: |