Қауіпсіз болу қажетілігі. Көпшілік адамдар үшін қауіпсіздік сенімділік және жайлылықты білдіреді. Медбике науқасты қауіпсіздікпен қамтамасыз етумен қатар науқастың оған қоятын талаптарын да білуі қажет.
Қауіпсіз болу қажеттілігін қамтамасыз етуде медбике көмегі:
-Баспанаға ие болу-науқасты жеткілікті көлемде палатамен, тиімді жарықтану және жылулық тәртібімен қамтамасыз ету; ауруханадан шыққан соң науқаста баспана бар жоғына көз жеткізу;
-Киімге қажеттілік –науқасты жайлы төсек жамылғыларымен, іш киіммен қамтамасыз ету; оларды уақытылы ауыстыру;
-Көмек қажеттілігі –науқасты медбике постымен байланыс әдісімен, құралмен қамтамасыз ету; қозғалу, тамақтану, тамақтану, жеке гигиенасын сақтауда көмек көрсету.
-Сенімділік қажеттілігі-кереуетті барынша төменгі деңгейге түсіру;науқасқа жүргенде таяқ қолдануды үйрету; медициналық жабдықтардың және электрқұрылғыларының жарамдылығын қамтамасыз ету.
-Қорғаныс қажеттілігі.науқастан жиі хабар алып тұру, бақылау.
Әлеуметтік қажеттіліктер. Әлеуметтік қажеттіліктер қоғамда адамдардың қарым – қатынасын анықтайды. Барлық адамдар түсінуді және жақсы көруді күтеді, жалғыз болуды қаламайды. Ауыр түрде өтетін ауруларда, әсіресе қарт және жалғыс басты адамдарда әлеуметтік жанасулар, қарым-қатынас бұзылады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде көмек беру науқас өмірінің сапасын жақсартады.
Жанұя және достарына болған қажеттілік –науқастың үйімен немесе досымен хабарласуына көмек беру , туыстарымен кездесуді қамтамасыз ету.
Қарым -қатынас қажеттілігі науқасты көзілдірікпен, есту аппараттарымен, ақпарат көздерімен қамтамасыз ету.
Өзіндік құрмет қажеттілігі. Өзін ешкімге керек емес деп есептейтін, Өзін жалғыз сезінетін адамдарда өзіндік құрмет қажеттілігі жоғалады .Өзіндік құрмет қажеттілігі- науқаспен бирге күтім бойынша іс –әрекеттерді талқылау, адамгершілігін сезуге қол жеткізуде науқасқа көмек беру.
Айналадағылардың құрметті қажеттілігі –науқасқа есімін , әкесінің атын толық айтып ,сіз деп тілдесу.