4 кезең. Жоспарды жүзеге асыру.
Мейірбике өзінің қолдан келер мүмкіндігіне, іскерлігіне сай науқастың жағдайына араласып, мейірбикелік картаға мейірбикелік процесс барысындағы бақылау нәтижесін түсіреді. Онда науқастың әрбір іс-әрекеті, ортаға деген реакциясы сияқты мәліметтер көрсетіледі.
5 кезең. Күтімнің тиімділігіне баға беру.
Науқастың әрбір қимылына, іс-әрекетіне, жоспардың орындалуына баға беріледі. Оның ішінде көздеген мақсатқа қол жеткізілмегендері де көрсетіледі. Жасалған күтімге қорытынды бағалар қойылады. Мысалы, мақсатқа қол жеткізілді, жоспар толығымен орындалды. Науқастың тілдесу қабілеті жақсарды. Қызмет көрсетушілер науқаспен тілдесу әдісін толық меңгерді. Оның тұтыну қажеттілігіне дұрыс қарау (реагирует) және барлығына алдын ала көңіл бөліп отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |