Мейірімділік ізгіліктің жолы



Дата16.09.2022
өлшемі1,65 Mb.
#149754
Байланысты:
макала
7 кл тіл календарный, Документ Microsoft Word, Документ Microsoft Word, 8-Практикалық сабақ экохимия, КЭ срсп №9 Анарбекова.А.У, практика 28.10, Ашық сабақ, Ашық сабақ, Ашық сабақ, Ашық сабақ, Ашық сабақ, ӨЗІН ӨЗІ басқару жоспары, Т рбие ж мысы бойынша 13 міндетті жат, ктж 6 сынып, Документ Microsoft Word (2)

Мейірімділік – ізгіліктің жолы.
«Адам баласынан мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір адам баласын «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады.
«Жылы сезім жүректерде сақталады, Мейірімділік тек жүректен басталады», – демекші біздіңде жанымызда мейірімді жандар өте көп. Сондай мейірімді, ізгі жүректі жандардың бірі Ақтөбе мыс компаниясы. Хромтау ауданы, Көктау ауылы, Көктау орта мектебінің оқушылары үшін АМК алдымыздағы жылы бір қатар демеушілік жұмыстар жасады, оларды атап өтсек мектеп ауласында балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтырумен күнделікті айналысуға «Workout» спорттық кешенін және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін одан әрі артырып, үлкен белестерді бағындыруға мұрындық бола отырып музыкалық аппаратура табыс еткен болатын.
Еліміздің президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жыл «Балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бастаманы басшылыққа ала отырып, Ақтөбе мыс компаниясы 2022-23 оқу жылында жақсы бір игі істің бастамасын бастап, осы жылы мектеп табалдырығын аттағалы жатырған 1 сыныптың 20 оқушысына ішінде оқуға қажетті құрал жабдықтармен толтырылған сөмке тарту етті. Ақтөбе мыс компаниясының маманы Бисембай Сейсенбаевич «Алғашқы қоңырау» салтанаттық жиынға қатысып, оқушыларға алдағы оқу жылына сәттіліктер тілей отыра, кішкентай бүлдіршіндерімізге арналған сыйлықты өз қолымен тарту етті. Алдағы уақытта да мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыларды жігерлендіру, қолпаштау мақсатында осындай керемет іс шара дәстүрге айналатынын атап өтті.
Атақты педагог В.Сухомлинский бір кездері балалық жүректі тәрбиелеу кезеңі дейтін. Қайырымдылықты елден, ал пайымдылықты қариядан үйрен дейді халқымыз. Ұлтымыздың кемел келешегі жас ұрпақты тал бесіктен жер бесікке дейінгі екі аралықтағы өмірінің мәні боларлық адами қасиеттер сіңіруді біз үлкендер алқылы үйренеміз. Егер балаларымыз айналамыздың көзқарасы мен мейірімділігін қаншалықты ерте сезінсе, ол соншалықты құндырақ бола түседі. Осыны ерекше ескерген Ақтөбе мыс компаниясының директоры Фарид Сагиевичке және АМК ұжымына Көктау орта мектебінің ұжымының атынан жас ұрпақты тәрбиелеудегі қосып жатқан елеулі еңбектері үшін алғысымызды білдіреміз.


Ақтөбе обл., Хромтау ауданы, Көктау орта мектебі
әлеуметтік педагог Ахметкереева Б.Ш.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет