Күтілетін нәтиже: қазақ даласындағы ән-күй өнерінің шығу тарихын, күй өнерінің өкілдерін және олардың шығармаларын біледі, оларды түсіндіре алады, қазақ даласындағы ән –күй өнерінің ерекшеліктеріне талдау жасай алады. Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Музыкалық аспаптардың түрлерін ажырата алады және кейбір аспаптарда ойнай алады.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «миға шабуыл», «джиксо», «бағдаршам», «бас бармақ», «синквейн.
Керекті құрал - жабдықтар: интербелсенді тақта, оқулықтар, карточкалар, дидактикалық материалдар.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Уақыт
Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім балалармен «Амандасу» тренингісін өткізеді. Домбырада ойнай отырып, өлең жолдары арқылы амандасады.
Әрбір топ мүшесін міндетіне сай рөлдер тағайындайды: спикер, сазгер, дизайнер, бақылаушы, бағалаушы, таймкипер.
Кубикпен жұмыс істеу ережесімен таныстырады.
Әр топқа бағалау парақтарымен, жұмыс істеу ережелерімен және бағалау критерийлерімен таныстырады.
Бір-бірімізге шапалақтаймыз.
- Сәлемдесу тренингісіне қатысу.
Оқушылар рөлдерге бөлінеді және рөлдерге сәйкес қызмет атқарады.