4. Оқиғаларды әңгімелеу . (Әңгімелесу). Сүйіспеншілікке тола жүрек туралы тәмсіл1 Бір-біріңе жүректеріңнің бір бөлшегін ұсыныңдар. Шуақты күндердің бірінде қала ортасындағы алаңда бір әдемі жас жігіт сол аймақтағы ең керемет жүректің иесі екендігіне маңғаздана мақтанып тұрды. Оның мінсіз жүрегіне шынайы қайран қалған адамдар оны қоршап алған еді. Ол шынымен де мінсіз болды – еш жаншылмаған, еш сызат түспеген. Топтағы адамдардың әрқайсысы да мұның бұрын-соңды көрмеген, ең керемет жүрек екендігіне күмән келтірмеді. Ал жігіт болса бұған паңданып, бақыттан жүзі бал-бұл жанды. Кенет адамдар арасынан бір қария алға шығып, жігітке былай деді:
Сенің жүрегің әдемілігі жағынан менікінің жанына жолай да алмайды. Сонда бүкіл топ қарияның жүрегіне қарады. Ол мыжырайған, сызаттары көп, кейбір жерлері жұлынып алынған, ал сол жерлердің орнына мүлдем сәйкес келмейтін басқалары салынған, жүректің кейбір шеттері жыртылған болды. Сонымен бірге қарияның жүрегінің кейбір жерлеріне бөлшектер жетпей қалған күйде болды.
Адамдар қарияға – қалайша ол жүрегім әдемі деп айта алады, - деген таңданыспен қарады.
Жігіт болса қарияның жүрегіне қарап, күлді де:
Сен қалжыңдап тұрсың ғой деймін, қария, - деді. – Өз жүрегіңді менікімен салыстыршы! Менікі мінсіз! Ал сенікі ше?! Сенікі – тыртықтар мен көз жастарының быламығы!
Иә, - деді қария, - сенің жүрегің мінсіз көрінеді, бірақ мен жүректерімізді ауыстыруға еш уақытта келіспес едім. Қара! Менің жүрегімдегі әр тыртық – ол мен өз сүйіспеншілігімді берген адам – мен өз жүрегімнің бір бөлшегін жұлып алып сол адамға бердім. Және ол да менің жүрегімдегі бос жерлерді толтырып, маған өз сүйіспеншілігін – өз жүрегінің бөлшегінберді. Әр түрлі жүректердің бөлшектері бір-біріне сәйкес келе бермейді, сондықтан мен сақтап жүрген, жүрегімде жырымдалған шеттері бар, себебі біз өзара бөліскен сүйіспеншілік жайында есіме түсіріп тұрады. Кейде мен жүрегімнің бөлшегін адамдарға бердім, ал олар өздерінікін маған бермеді – сондықтан да сіздер жүрегімде бос қуыстарды көріп тұрсыздар – сен өз сүйіспеншілігіңді берген кезде, оның үнемі өзара сүйіспеншілік болатынына кепіл жоқ. Бұл қуыстар ауыртқанымен де, олар маған бөліскен сүйіспеншілігім туралы есіме салып тұрады және мен күндердің бір күнінде жүректің осы бір бөлшектері маған қайтып келеді, деп үміттенемін. Енді сен, шынайы әдеміліктің мағынансы нені білдіретінін, көрдің бе?
Адамдар үндемей қалды. Жас жігіт үнсіз аңырып тұрды. Оның көздерінен жас тама бастады. Ол қарияға жақындап барып, өз жүрегінен бір бөлшек үзіп алды. Қолы қалтырай отырып, қарияға өз жүрегінің бөлшегін ұсынды. Қария оның сыйлығын алып, өз жүрегіне орналастырып қояды. Содан кейін ол да өзінің қаусаған жүрегінен бір бөлшек алып, жас жігіттің жүрегінің қуыс болып тұрған жеріне орналастырады. Бөлшек сәйкес келді, бірақ мінсіз емес, кейбір шеті шығыңқырап тұрды, ал кейбір жерінің жыртылған жері жабылмай тұрды. Жас жігіт мінсіз емес, бірақ қарияның сүйіспеншілігі орын алғанға дейінгі кездегіден әдемілеу өз жүрегіне қарады.Олар құшақтасқан күйлерінде жолдарымен кете барды.
Басқаларды өзің қалаған немесе көргің келетін күйде емес, сол күйінде сүюге үйрен. Сен өзіңді қашан толық жетілген және мінсіз болған кезде емес, дәл осы сәтте, барлық жақсы құндылықтарыңмен, кемшіліктеріңмен сүйгенді қалайсың ғой. Түсін, біз мына өмірге басқалармен бөлісуді үйренуге келдік. Жүректегі сүйіспеншіліксаған ішіңнен күш береді, ал сен оны саған жақын адамдар арқылы сырттан қайтарасың. Басқаларға бақыт сыйлауды үйрен, сыртқы жоспарың бойынша бұл үшін олардан не алатыныңнан емес, өзіңнің осы әрекетіңнен рақат ал. Алдымен басқа адамдарға жәй ғана жақсы, қайырымды сөздер айтуды үйрен. Жәй ғана күлімдеп, басқаларға мейірімді сөздерді айтуды үйрен! Жақсы сөз – бұл үшін біздің еш нәрсеміз кетпейді, ал адамдар оны жоғары бағалайды. Осыған көңіл қой. «Сізден» «сенге» көшкеніме кешір, бұл менің көңіл-күйіме байланысты. Қиындықты қуанышпен қарсы ал. Адамдар оны аңғармай істейді. Оларды кешіруді үйрен. Сонда да сүйіспеншілігіңді беруді жалғастыра бер. Сүйіспеншілікті беріп тұрып, өзіңе сүйіспеншілікті тартасың. Егер сен орнына бір нәрсені алуды көздеп беретін болсаң, жоғарғы күштер саған сабақ болсын дегендей, осындай талпынысыңнан түңілуге мәжбүрлейді. Сүйіспеншілік үнемі құрбандықпен байланысты. Сүйіспеншілік риясыз. Сүйіспеншілік тұтастай рухани.
Және толыққанды. Қалғанының бәрі – тек сүйіспеншілікке дайындық. Үнемі таза сүйіспеншілікке үйрен. Сонда сен де сондай тазасүйіспеншілікті тартасың. Егер пайдакүнем болсаң, онда пайдакүнемділікті тартасың.