Мектеп директоры: Л. К. Осанова "Квант" пән бірлестігінің жылдық жоспары


II. Әдістемелік бірлестік қызметінің міндеттері мен нәтижелері



бет4/6
Дата21.01.2022
өлшемі27,8 Kb.
#112627
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоспар Кв
01.07.21
II. Әдістемелік бірлестік қызметінің міндеттері мен нәтижелері

Әдістемелік бірлестік білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі ретінде оқу орнына жүктелген міндеттердің белгілі бір бөлігін шешу үшін құрылады. Әдістемелік бірлестік жұмысы педагогтардың кәсіптік әлеуетін тиімді пайдалану мен дамытуға, олардың күш-жігерлерін тиісті оқу пәндерін оқыту әдістемесін жетілдіруде жинақтауға және үйлестіруге және осының негізінде білім беру үдерісін жақсартуға бағытталған.

Әдістемелік бірлестік:

·       оқушылардың оқу мүмкіндіктеріне, білім беру үдерісінің, оның ішінде пән бойынша оқудан тыс жұмыстың нәтижелеріне талдау жасайды;

·       білім беру үдерісін қажетті бағдарламалық-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

·       пән мұғалімдеріне нақты әдістемелік көмек көрсетуді жоспарлайды;

·       әдістемелік семинарлар мен әдістемелік жұмыстың басқа да формаларының жұмысын ұйымдастырады;

·       пән кабинеттерін жабдықтауға талдау жасайды және жоспарлайды

   оқушыларды аралық аттестаттауға арналған материалдарды келіседі;

·       оқу курстарының ең аз көлемі мен мазмұнына, оқушылардың оқытылу нәтижелеріне (қажет болған жағдайда) қойылатын талаптармен келіседі;

·       оқытушылардың оқу бағдарламаларына енгізген өзгерістеріне бастапқы сараптама жүргізеді;

·       оқу пәндерін оқытудың тәжірибесін зерделейді және қорытады;

·       пән бойынша оқушылардың сыныптан тыс қызметін ұйымдастырады;

·       мұғалімдерге көмек ретіндегі әдістемелік ұсынымдар дайындау туралы шешім қабылдайды;

·       тиісті пәндер мен курстарды жақсырақ меңгерту, оқу еңбегі мәдениетін арттыру мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына арналған әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді ұйымдастырады;

·       мұғалімдерге біліктілікті арттырудың әр түрлі формаларын ұсынады;

·       тәлімгерлердің жас мамандармен және тәжірибесі аз мұғалімдермен жұмысын ұйымдастырады;

·       конкурстар, олимпиадалар, пән апталары (айлықтары) туралы ережелер әзірлейді және оларды өткізуді ұйымдастырады.

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Т.Қабылов атындағы орта мектеп-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «КВАНТ» пән бірлестігінің

2020-2021 оқу жылындағы жұмысының қорытындысы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет