Мектеп директоры Р. Крылатая



бет9/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,78 Mb.
#12745
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Мақал-мәтелдер сайысы: 
1 топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 


2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 
2-топ
1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 
5. Тіл қылыштан ... (өткір). 
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде). 
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 
9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

 4. Викториналық сұрақтар: 


1-топқа:
 
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 
5. Қазақстан Лондон 2012 жазғы олимпиада ойындарында әлем бойынша нешінші орынды иеленді?  
6. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 
7. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 
8. «Орфография» қай елдің сөзі? (грек). 
9. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 
2-топқа: 
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 
2. Абайдың туған жылы? (1845). 
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 
7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 
8. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 
9. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

Мұғалім:

Қалың елің қазағыңа қорған бол!


Жеткіншегім жайқала өсіп  орман бол, Шет тілі мен компьютерді меңгеріп, Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

   Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден. 

Осымен бізді тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.

Он бесінші қыркүйекте «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе..» тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік шығармалар байқауы өтті. Байқаудың нәтижесі:

І орын – 9«Б» сынып оқушысы Гүлнұр Махаббат

ІІ орын-9 «А» сынып оқушысы Мусабаева Карина

ІІІ орын-10 «Б» сынып оқушы Казенова Ұлболсын ІІІ орын-11 «А» сынып оқушысы Дзюбина Анастасия
№2 Ақсу орта мектебінің 9-сынып оқушысы Махаббат Гүлнұрдың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты тақырыпта жазған шығармасы
Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану - қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану - Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу - бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды. Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап береді. Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.

Абай өзінің адамгершілік, гуманистік, қоғамдық, эстетикалық ізденістерін бүкіл дүние жүзі мәдениетінің жетістіктерімен ұластырып, өзі де жаңа биік деңгейге көтеріле түсті, сол арқылы бүкіл адамзаттық идеяларға жол тапты. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалық биікке алып шықты. Абайдың әдеби мұрасының дүниежүзілік мәні оның өз шығармаларында туған халқының мүддесін, түпкі мақсат-мұратын айқын көрсете отырып, жалпы адамзаттық құндылықтарды жете бағалай білген ұлы ақынға тән суреткерлік дарындылығынан, кемеңгер ойшылдығынан айқын танылады.

Абай қоғам өмірі жайлы көп толғанып, көп ойланып жүріп, халық мүддесі үшін, адалдық, адамгершілік үшін күресуге ұмтылады, қалай күресудің жолын іздейді. Халық мүддесі үшін күресуге бел байлап, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім, ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат еткен Абай осы ой-пікірін жалпы жұртқа жария етуге, солардың жүрегіне ұялатуға жарарлық бірден-бір күшті құрал өлең сөз, ақындық өнер деп санайды. Бойындағы ақындық қуатын осы жолға жұмсау қажет деп түсінеді.

Абайдың кейінгі, кемелденген шағында Шығыс ойшылдарының философия, тарих жөніндегі еңбектерін терең зерттегендігін, түркі поэзиясымен қатар араб, парсы поэзиясына қызығуы арта түскенін оның шығармаларынан да байқауға болады. Жылдар өте Абайдың Батыс Европа елдерінің қоғамдық-философиялық жетістіктеріне, француз, ағылшын, неміс ағартушыларының шығармаларына деген ынта-ықыласы арта түседі. Ол өзінің шығармашылық ізденістерінде Пушкин, Лермонтов, Крылов, Лев Толстой сияқты көркем сез шеберлері мен ойшылдарының өнегесінен тағылым ала білді. Гете, Байрон, Шиллер сияқты Батыс Европа ақындары да Абайдың назарын аударады.

Абай поэзиясы қазақ әдебиетіндегі мүлде жаңа құбылыс, жаңа кезең болғанын айта отырып, ақынның шығармашылық өнерінің негізгі тірегі, сарқылмас қайнар көзі халық поэзиясы, жүздеген жырау, жыршы, ақындарды туғызған халықтың сан ғасырлық бай әдеби мұрасы дейміз. Халықтың өмірімен, поэзиясымен терең тамырластығы Абайдың ақындық тұлғасына ана сүтімен біткен қасиеттей ұлттық, даралық сипат бергені даусыз.

Абай жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді», «көңілі ояу» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятуға ұмтылады. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік танытатынына үлкен сенім білдіреді
№2 Ақсу орта мектебінің 9-сынып оқушысы Мусабаева Каринаның «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты тақырыпта жазған шығармасы
Жүрегімнің түбіне терең бойла Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма...,- деп ақынның өзі айтқандай «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір сүрген, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұнарын, асау жүрегінен ағыта, шабыта жыр ғып төккен Абай туралы шығармамды жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын.
Ұлы суырып салма ақын Абайдың суретіне қарап отырып Мына тұрған Абайдың суреті ме, Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне, Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған, Өр Абайдың төтеген кім бетіне?!- деген екен.

Абай- ғажайып талант иесі, қазақ поэзиясының патшасы, дана ақын, философ, сазгер.Туған жері- Семей облысы, Шыңғыстау. Руы- Тобықты, әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай . Білімі – мешіт молдасынан бастап, өз бетімен оқып, түрік, парсы, араб, орыс тілдерін жақсы меңгерген. Сүйіп оқыған ақындары мен ойшылдары- Хожа Хафиз, Физули, Фердоуси, Сағди, Қожа Ахмет Иассауи, Гете, Пушкин, Толстой.

Абай ұлы ақын, сұлу сазгер, ұстаз ғана емес, шебер аудармашы. Ол қазақ поэзиясында аударма өнерінің,соның ішінде шебер, дәл аударманың, еркін аударманың нәзира әдісімен жарысудың шебер үлгілерін жасаған. Ол Крыловтың мысалдырын асқан шеберлікпен аударып, қасиеттерін ерте тани білген.

Ұлы ақын жастардың алдындағы зор міндет – ғылым мен білімді меңгеру , қалайда соған қол жеткізуді жырлай отырып, әрбір жастың арманы оқып, білім алып, ғылымды меңгеру болу керектігін айтады. Жастық шақта бос ойнап, күлмей, ғылымға қол созу керектігін талап етеді. Ойын- күлкі, бос жүрісті қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғалымдарды үлгі тұт, солардай болуға талпын дейді. Осы жастық шақтың өтпелілігін айтып, бұл жаста өмірден өз орныңды тап, әр нәрсеге ере берме, қате баспа, ойлан дегенді ескерте отырып, әркімнің өмірде өз орны болатынын айтады ақын.

Абай қарасөздеріндегі ой- толғам, пікір- көзқарастар шынайы да өміршең. Оның дәлелді пікірлері көкірегі ояу кез- келген адамзатқа ой салып, түсінігін молайтады.

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. Абай болып табынсам бір кісіге Абай болып түңілем бір кісіден,- деп М.Мақатаев ағамыз Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңінің үлгісімен өлең шығарған екен. Біздің мектебімізде де өз шығармашылығымен ерекшеленіп, Абай атамыздың өлеңдерін оқып жүрген оқушыларымыз бар.

№2 Ақсу орта мектебінің 10-сынып оқушысы Казенова Ұлболсынның «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты тақырыпта жазған шығармасы
Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.

Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр, ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық, адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.

Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе, артық айтылғандық емес. Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе, ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді. Халқының келешегін ойлап егілген,сол үшін ұнамсыздықты аямай сынау арқылы түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол тіршілікте өзі көрген, халық тәжірибесі танытқан шындықты айта отырып, жастарды шын адамгершілік жолына, қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады.

«Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын», -деп, адам баласы азбау үшін адал еңбекпен өмір сүруі керек екенін айтады. Абайдың даналық пікірлері – мәңгі өлмек емес, Абай туындылары - ұрпағымыздың асыл мұрасы.


№2 Ақсу орта мектебінің 11-сынып оқушысы Дзюбина Анастасияның «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе...» атты тақырыпта жазған шығармасы

«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе
Адалдықты көздесең
Жаттап тоқы көңілге!» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үңіле отырып, сезіну, тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы.

Абай лебі - заманының тынысы, Абай үні –ғасырлардың өрісі - деп шығармамды бастаймын.

Абай – ұлы ақын. Абай өлеңі сезімінің жемісі, буырқанушы, шабыттан-ған сезімнен туған лирикалары оның адам жанын тебірентетіні де сондық-тан. 

Ойы – терең, түрі көркем , өзінше айтсақ, «іші алтын, сырты күміс» сөз жақсысын жаза білген Абай – қазаққа ғана емес, туысқан елдердің көптеген талантты ақындарына ұстаз. Ол Гетенің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын қазақшаға аударып, шебер аудармашы атанды.
Қазақ халқының мәдени мұрасында Абай шығармашылығы маңызды орын алады. Қазақ халқы Абайды тек данышпан ақын, әрі ағартушы ретінде және көптеген халық әндерінің авторы болғандықтан оны сазгер деп таниды.
Ақын адамдарды құлшына алға басуға жігерлендіріп, әділетті, ақиқатты сөз ететін, тәрбиелік мәні күшті қара сөздер жазды. Қазақ жерінің ақыны данышпаны көп болғанымен Абайы біреу – ақ. Абайы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай – қазақтың бар жерінде туып, бар жерін ұстап тұрған кемеңгер. 
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, 
Жоқ-барды ертегіні термек үшін 
Көкірегі сезімді, тілі орамды 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,- деп жырлаған Абай атамыз көптеген өлеңдер шығарған.

Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құнанбаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында адам бойында кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдықты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтардың мәдениеті мен өнерін білуге шақырды.

Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы болды. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отырып, жастарды ғылым-білім үйренуге үндеді.

Жастайынан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуліктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылықтың әділетсіздігін көріп өскен ұлы ақын Абай олардың озбырлығын мінеп-сынап, бірнеше өлеңдер шығарды.

Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес, көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынады.

Табиғат бейнесін адам өмірімен байланыстыра бейнелеп беруде қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ шебер суреткер ақын.

Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі жиырма шақты әндері бар.

Ән – көңілдің ажары. Жүректің мұң-шерін, қуаныш-қайғысын ән әуені арқылы ғана тарқатуға болады. Мұндай ойды Абайдың:

Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең, менше сүй! Дүние ойдан шығады, Өзімді-өзім ұмытып, Көңілім әнді ұғады, Жүрегім бойды жылытып,- деген тебіренісінен көруге болады.

Абай әндері өзінің терең сырлылығымен, әсемдігімен көптеген сазгерлердің шабытын сызып, қиялдарын ұштап келеді. Көптеген сахналарда Абай әндері орындалуда. Солардың бірі – симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен орындалатын «Көзімнің қарасы» әні...

Абай ақындықты ерекше жоғары бағалап, құдірет тұтқан. Ол өзінің өлеңдерін таза халық тілінде жазды. Өлеңге басқа тілдерден орынсыз сөздер енгізуге, тіл шұбарлауға қарсы болды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінде өнерге ерекше ден қойып, аса жоғары бағалағаны байқалады.1Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмытушылықтан, ізденуден жалықпайық.

Бесінші-алтыншы сынып оқушылары арасында «Қазақ халқы Ассамблеясына 20 жыл» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды.



Он жетінші қыркүйекте Ескендирова А.А. 4 «А» сыныбында ашық сабақ өткізді.

«Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекеме

Ашық сабақ



Өткізген: қазақ тілі

мұғалімі Ескендирова А.А.

«№2 Ақсу орта мектебі» мемлекеттік мекеме, 2015 жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет