Мектеп директоры: Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы



бет1/2
Дата22.02.2022
өлшемі34,9 Kb.
#132848
  1   2
Байланысты:
10, ТПФ каз Орг. химия 22-23 (Восстановлен), 317687

Бекітемін:


Мектеп директоры:
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы
«Рыков атындағы орта мектебі»КММ

«Ойна, домбыра! » үйірмесі


Үйірме жетекшісі:Исаканова Джанна Кайсановна




Түсінік хат

Екі ішектің бірін қатты,


Бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ- нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра.
(Қ. Мырзалиев)
Бүгінгі таңда қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты жан-жақты жеке тұлға ретінде тәрбиелеудің заңды қажеттілігі арта түсуде.
Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан домбыра үйренуде оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра үйірмесінде оқушы домбыра аспабының қыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді.
Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 5- 9 сыныптардың оқушылары тартылды. Үйірменің балаларға берері көп. Оларға ұлттық аспаптар туралы мағлұматтар беріліп, домбыра аспабының құрылысы түсіндіріледі. Домбыраны қалай ұстау, домбыра тартқанда қалай отыру керектігі үйретіледі. Домбыраның құлақ күйін келтіру, домбыра қағыстарын үйренуге назар аударылады. Аспаптың тарту техникасына көп көңіл бөлінеді. Үйірмеде топтық, жұптық және жеке оқушылармен жұмыстар жүргізіледі. Халық күйлері үйретіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет