Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының
ҚҰЖАТТАР ПОРТФОЛИОСЫ:
• жүйелілік; • мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы; • ақпараттың объективтілігі; • көрнекілік. Портфолио директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық нәтижелерін жинақтауына көмек береді.
1 - папка
Заңдық –нормативтік құжат (ҚР Білім туралы Заңы,Бала құқығы туралы Конвенция,ҚР Тіл туралы Заңы, ҚР Қоғамдық Ұйымдары туралы Заңы,Ақтөбе облысы бойынша 2013-2020 жылдарға арналған бағытты-бағдарлама,ҚР Кешенді тәрбие бағдарламасы т.б. бала тәрбиесіне, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша негізгі Заңдар;
2-папка
Кешенді тәрбие бағдарламасына сәйкес мектеп бағдарламасы, мектептегі барлық кластардың тәрбие жоспарлары; Ақтөбе облысының 2013-2020 жылдарға арналған тәрбие жұмысының бағытты- бағдарламасының негізінде мектептің бағытты-бағдарламасы;
3 - папка
АІІБ – мен бірлескен мектептің құқық бұзушылықтың алдын алу жоспары, жүргізілген жұмыстар ( мектептегі құқық бұзушылық кеңес бұйрығы, хаттамалары, Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда
мектеп оқушыларының істерінің қаралуы, соған байланысты жүргізілген жұмыстар.( картотека, күнделік)
Құқық бұзушылықтың 3 жылдық анализі, АІІБ –де, мектепішілік есепте тұрғандар, мектепте жүргізілген профилактикалық жұмыстар;
4 - папка
ЖҚТБ бағдарламасының жоспары, орындалуы, жүргізілген жұмыстар материалдары;
5- папка
Діни экстремизмнің алдын алу жоспары, жүргізілген жұмыстар, намаз оқитын оқушылар ( егер болса, осы оқушылармен жүргізілген жұмыстар);
6- папка
Тәрбие жұмысына байланысты сұрақтардың педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте, өндірістік кеңесте қаралуы ( хаттамалары, қаралған сұрақтардың өзектілігі);
7- папка
ҚР есірткі саудасы мен есірткіге қарсы күрес бағдарламасының мектепте жүргізілуі ( жоспары, жүргізілген жұмыстары);
8- папка
Мектептегі класс жетекшілер бірлестігінің жұмысы, класс жетекшілерді тағайындау туралы бұйрық, бірлестік құру бұйрығы, жоспары, отырыс хаттамалары, жүргізілген жұмыстар ( класс жетекшілерге әдістемелік көмек беру, семинар, дөңгелек үстелдер өткізу, класс жетекшілердің іс-тәжірибелерін тарату)
9- папка
Тәрбие жұмысында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану, енгізу жұмыстары;
10- папка
Класс жетекшілердің , директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының, қосымша білім беру педагогтарының, үйірме жетекшілерінің сапалық құрамы,курстан өтуі, санаттары;
11- папка
Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстар
( өткізілген жұмыстар-семинар тренингтер, спорттық жарыстар, лекциялар, кездесулер т.б.)
12 - папка
«Тәртіп сақшылары», « Жас инспекторлар», үйірмелер, спорттық секциялар қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге қатысуы.
13– папка
Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, мектеп жанындағы лагерь, еңбек лагері т.б
14-Папка
Мектептің ата-аналар комитетін құру, жиналыстар хаттамалары, жүргізілген жұмыстар;
15-папка
Қосымша мемлекеттік бағдарламалар;
16-папка
Түлектердің соңғы 3 жылдық орналасуы, негізгі мектепті бітіргендердің орналасуы
17-папка
Каникул уақытында жүргізілген жұмыстар жоспары, материалдар;
18- папка
ҚР Мемлекеттік рәміздері – стендтер, жарақсыз рәміздерді жою актілері, заңдық-нормативтік құжаттар, мектеп жоспары, жүргізілген жұмыстар жинағы;
19-папка
Оқушылардың сабаққа қатысу рейтингі ( тексеру журналы, сабақты жіберетін оқушылармен жүргізілген жұмыстар;
20-папка
Мектеп оқушыларының сайыстарға, байқауларға, жарыстарға қатысу мониторингі
Достарыңызбен бөлісу: |