Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы «Жангелдин ауданының білім бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі жазғы сауықтыру шаралары бойынша жүргізілген жұмыстар.
2020-2021 оқу жылында оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жазғы сауықтыру шаралары ұйымдастырылды. Мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» демалу лагері екі кезеңде жұмыс жасады. Әр кезең бойынша лагерге 15 оқушыдан тартылды.Лагерге бастауыш сыныптан жетекші тағайындалды. Бекітілген жетекшімен қоса мектепке тәжірибеден өтуге келген 4 студен жұмыс жасады. Мектеп ішілік лагердің жоспары бекітіліп, құрылған күнделті күн тәртібі бойынша жұмыс жасады. Күн тәртібінде оқушылар күндерін таңғы жаттығумен бастап, топтық ойындар, концерттік бағдарламалар, суреттер көрмесі, ағылшын тілін үйрену, асфалтқа сурет салу сияқты түрлі іс-шаралармен айналысты. Сауықтыру шарасы нәтижесінде оқушылар жеке бас гигиена дағдыларын, шығармашылықтарын дамыту, достық қарым-қатынас қалыптастыруды, көлікте, көшеде жүріп-тұру ережелерін сақтауды қалыптастырды.
Сонымен қатар мектепте коп балалы отбасынан шыққан екі оқушы Арқалық қаласындағы «Көктау» лагеріне демалуға жіберіліп жақсы демалып қайтты.
Мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары: Е.Махатов
Достарыңызбен бөлісу: |