Пәнді оқудың мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында қажетті болатын білім, білік, дағдыларымен қаруландыру.
Пәнді оқудың негізгі міндеттері:
- Студенттердің мектеп жасына дейінгі балаларға математиканың қарапайым ұғымдарын үйретудің теориялық негіздері бойынша білім қалыптастыру;
- Балалардың математикалық түсініктерді қабылдау ерекшеліктеріне байланысты балабақшадағы жұмыстың мазмұны және әдістерімен таныстыру әдістемесі;
- мектепке дейінгі ұйымда математиканың элементтерін оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын үйрету;
- сабақты жоспарлау, балалармен жұмыстың мазмұнын және әдістерін іріктей білуге төселдіру;
- студенттердің мектеппен, отбасымен жұмысын байланысты ұйымдастыра білуге үйрету;
- студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, жауапкершілігімен ынтасын, шығармашылығын дамыту;
- студенттерде практикалық дағдылар мен шеберліктерді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |