ADMIN · ИЮН 25TH, 2014 · 0 COMMENT
Қостанай облысы,Аманкелді ауданы Қарасу ауылы Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің математика пән мұғалімі: Ахмедиярова Мая
Тақырыбы: «Жас математиктер»
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.
Көрнекілігі: Ойын түрлері,
Барысы: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгінгі біздін сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.
1. « Қас-қағым сәт»
2. « Ойлан тап»
3. « Кім жылдам»
4. «Математикалық жұмбақтар»
5. «Математикалық жаңылтпаштар»
6. «Пингвиндер сайысы»
7. Қорытынды
Жүргізуші: Ойынға қатысушы сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз. Ортаға 5 «а», 5 «б» сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Сайыстарға әділ баға беретін әділқазы алқасын шақырамыз.
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау.
Сәт сапар тілеп бәріңе
Сайысты біздер бастайық.
1-ші ойыннын шартымен таныстырып өтейін. Бұл ойында бес сұрақ қойылады, қойылған сұрақтарға қас-қағым сәтте жауап беру керек. Кім жылдам жауап берсе, ұпай соныкі.
Тоғайда 10 карға отыр. Аңшы олардың 2-ін атып алды, нешеуі қалды?
Жауабы: 2-і.
Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
Жауабы: 0
Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса неше кг тартады?
Жауабы: 3кг
Елу саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек?
Жауабы: 5 бала
Бір тоннада неше кг бар?
Достарыңызбен бөлісу: |