М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті Педагогика факультеті Мектепке дейінгі оқыту және бастауышта білім беру кафедрасы
Тақырыбы:
Тексерген: Мухиева Г.С Орындаған: Ибраева А.А
Орал, 2020
Мектеп жасына диінгі балалық шақ
Мазмұны
1. Мектепке дейінгі жаста баланың ойындарының сюжеті мен мазмұны.
2. Психологтардың ойын теориясына айтқан ойлары.
3.Ойын арқылы балалар қарым-қатынасы.
4.Бейнелеу іс-әрекеті.
5.Балалардың оқу, еңбек іс-әрекеттерінің алғышарттары.
6.Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы. Өзін-өзі бағалау?
Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.) Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді.
Ойын
Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға негізделеді. Бұл жөнінде белгілі психолог – ғалым А.А. Люблинская «Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс – әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады». Н. Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген»,- деген пікір айтады.
В. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл–ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген ой айтады.
А. Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате. Педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін арттырады, балаларға қуаныш сыйлайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді.
Ойын
Ойын түрлері
. Мазмұнды бейнелі ойын
Құрылыс ойындары
Қимыл-қозғалыс ойындары
Дидактикалық ойындар
Рөлді-сюжетті ойындар
Спорттық ойындар
Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
. Мазмұнды бейнелі ойын
Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, жырадағы қасқыр.т.б. Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Көп жағдайда қозғалыс ойындары төмендегідей дене қасиеттерін тәрбиелеу жағдайнда жасалады. Олар; шапшаңдық,ептілі к,күш, шыдамдылық, икемділік және бұдан да маңыздысы, бұл дене қасиеттерін комплексте дамытылады. Қозғалыс ойындарының көпшілігі шапшаңдылықты талап етеді. Күш пен энергияның көп жоғалуына алып келетін үнемі қозғалыс белсенділігі және қуаты қозғалыстың көп қайталануы бар ойындар шыдамдылықты дамытуға әсер етеді. Тартымды ойын сюжеті қатысушылар бойында жағымды эмоцияны тудырады және қажетті ерік сапалары мен дене қабілеттерін қоса отырып кез-келген тәсілдерде көп қырлы зор белсенділікпен жеңіп отыруға шақырады.
Сауықтыру, тәрбиелік және білім беру міндеттерін комплексте шешу қажет, тек осы жағдайда ғана әрбір қозғалыс ойындары балаларға жан-жақты дене тәрбиесінің тиімді құралы болмақ.
Қимыл-қозғалыс ойындары
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойын баланың ақыл - ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту – мектеп жасына дейінгі кезеңнің, негізгі ерекшелігі. Дидактикалық ойындарға «Жемістер», «Жануарлар», «Қуыршақты
киіңдір», т.б., ал арнайы таңдалып алынған ойындарға («Не жоқ?», Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы саңдық», «Ғажайып қоржын» т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады. Ойындарда викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, ойлан таптар «Кім не істеді?», «Не қалай дыбыстайды?», «Қай дыбыстан басталады?» болады. Осыңдай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді. Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. Олар:
-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;
-дидактикалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет;
-ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек:
-дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
-дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.
Рөлді-сюжетті ойындар
Құрылыс ойындары
Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды.
Құрылыс материалдарының пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең-тар), биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.
Спорттық ойындар элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуында маңызды рөл атқарады. Балабақшадағы спорттық ойындар баланың жасын, денсаулық жағдайын, жеке бейімділігі мен қызығушылықтарын ескере отырып таңдалады. Спорттық ойындар мектеп жасына дейінгі балалар үшін қол жетімді болуы тиіс. Сонымен қатар ересектерге арналған спорттық ойындар техникасының кейбір элементтерін де пайдалануға болады. Балалардың үйренген элементтері негізінде жеңілдетілген ережелер бойынша жүргізілетін ойындардың тиімділігі бар. Спорттық ойындар баладағы бұлшықеттің үлкен топтарын нығайтады, сонымен қатар психофизикалық қасиеттерін дамытады: күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік т.б. Спорттық ойындарда баланың ақыл-ой әрекеті, кеңістіктегі бағыты дамып, зеректілігі мен ойлау шапшаңдығы дамиды. Өзінің іс-әрекетін ерте басқаруға қабілеті артады. Бала өз әрекеттерін жолдастарының әрекеттерімен үйлестіруді үйренеді; бойында ұстамдылық, ұстамдылық, жауапкершілік, ерік және шешімділік тәрбиеленеді; оның тәжірибесі байиды, шығармашылығы артады. Қуаныштың, күшті сезімнің және ойын нәтижелеріне деген қызығушылықтың, дамытушылық рөлін ескеру маңыздылығы артады. Баланың ойынға деген құлшынысы организмнің физиологиялық жағдайын жақсартады. Ерте жастан бастап денсаулық, физикалық даму негіздері қаланады, моторикалар қалыптасады.
Спорттық ойындар
Ұлттық ойындар
Ұлттық қимылды ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.
Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Ойында ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады.
Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан алуан, әрі қызғылықты. Олар: «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы» т.б. Мәселен «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты үғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтанып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің бала үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды. Бейнелеу іс-әрекеті. Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шақтан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.
Бейнелеу іс-әрекеті.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады.
Бейнелеу іс-әрекеті.
Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп дамыту үшін оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен танысады.
Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды.
Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін қарау негізінде түсінік алады.
Балалардың оқу, еңбек іс-әрекеттерінің алғышарттары.
Назарларыңызға рахмет!!!
Достарыңызбен бөлісу: |