Мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру



Дата22.05.2022
өлшемі221,23 Kb.
#144574
Байланысты:
Мектеп жасындагы балалардын тамак тануын уйымдастыру семинар


Мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру.

Дұрыс дайындалған тамақтың балалар мен жасөспірімдердін денесі мен ақылының бірқалыпты дамуы үшін мәні зор


Мектеп жасындағы балалар (6 жастан 12 жасқа дейін) пайдалы тамақ пен қоректік тағамдарға мұқтаж. Олардың тұрақты, бірақ баяу өсу қарқыны бар және әдетте күніне 4-5 рет (тамақты қоса) жейді.
Мектеп жасында дұрыс тамақтанбау – жүрек-қантамырлары аурулары, онкологиялық аурулар, семіздік пен артық салмақ, қант диабеті ауруларының даму қаупін тудырып, ерте жастан мүгедектікке шалыну мен өмір сүру ұзақтығын қысқартуға әкеледі.
Мектеп жасындағы балалардың рационында азық – түліктің барлық негізгі топтары, әсіресе, көкөністер, жемістер мен жидектер, астық тұқымдастар (нан және нан-тоқаш өнімдері, ет және ет өнімдері, балық және балық өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жұмыртқа, болуы қажет.

Оқушылардың тамақтануына бұл өнімдерді қайнатылған және бұқтырылған тағамдар ретінде қолданған жөн, өйткені қуыру кезінде майдың тотығу өнімдері асқазан мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді, қышу, іштің ауруы және т. Б. жағдайларды тудыруы мүмкін.


Сүт және сүт өнімдері негізінен ақуыз және май көзі болып табылады, сондай ақ В2 витаминінің негізгі жеткізушілерінің бірі болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер үшін күн сайын айран, сүт өнімдерін тұтыну маңызды.

Сонымен қатар, оқушылардың тағамдық рационында нан, жарма, әсіресе қарақұмық болуы керек. Бұл өнімдер өсімдік майларының, Е, B1, B2, PP дәрумендерінің көзі болып табылады.


Міндетті түрде таңғы ас, екінші таңғы ас, түскі ас, бесін ас, кешкі ас және осы тағамдардың үшеуі ыстық тағаммен қамтамасыз етілуі керек. Сонымен қатар әрбір тағамды қабылдау мезгілінің аралығы шамамен 3 сағаттан аспағаны жөн, себебі, балаларда «ашығу» дамып , жұмысқа деген ынтасын төмендетуі мүмкін.


Гигиеналық білім мен гигиеналық дағдылар баланың денсаулығын нығайтуға ғана емес, сонымен бірге баланы әдептілікке, саналылыққа баулиды.


Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібі үлкен маңызға ие
Күн тәртібін сақтау - мінез-құлыққа үйретудің басты құралы. Еңбек пен демалуды дұрыс алмастырып отыру оқу сабақ-тарының тиімділігін арттырады, тәртіпке түсіреді, ұқыптылық пен адалдыққа, жұмысты белгіленген мерзімде орындауға үйретеді.
А.С.Макаренко да күн төртібін оқушыларды тәртіпке үйретудің аса маңызды құралы деп қарады. Күн тәртібінің мақсаты - оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалана білуге дағдыландыру
Қант диабеті (лат. Diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.
Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Қант диабетімен ауырудың қарқынды өсуі — әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының жаһандық проблемалардың бірі. Бүгінде ғаламшардың шамамен 200 млн. тұрғыны осы аурумен қасірет шегуде. 
16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер қант диабетімен ауыратын барлық пациенттерді 10,5% құрайды. Қант диабетінің алдын алу
Белсенді өмір салты
Кез-келген дене шынықтыру белсенділігі инсулинге деген сезімталдықты жоғарылатып және қандағы қант мөлшерін төмендетеді. 
Тиімді тамақтану
Тағам талшықтарына бай тағамдарды-жемістер мен жидектерді,бұршақ тұқымдастарды, әр түрлі жаңғақтар түрлері мен қаймақты пайдалану. Бұндай тағам ішек жұмысын қалыпқа келтіреді, холестерин мөлшерін азайтады, артық салмақтың төмендеуіне әсер етеді, қандағы қант мөлшерін бақылауда ұстайды. Дәнді дақылдар қан қысымын қадағалауға және қант диабетінің белгілерінің пайда болуын тежейді. Нан, макарон және басқа да ұн өнімдерін сатып алар алында қорабында «Тұтас дәндер» деген жазбасы бар өнімдерді алған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет