Мектеп мұғалімдерінің бірлескен оқуларында пайдалануға арналған тренингтер мен жаттығулар жинағы Жинақтаған



бет4/6
Дата25.01.2017
өлшемі1,04 Mb.
#7886
1   2   3   4   5   6
109.«Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы

Сендер джунглиге тап болдыңдар. Ауа - райы тамаша, күн жарқырап тұр, күн ыстық, әрі қапырық. Міне, самал жел соқты. Алдымыздағы адамның арқасына жеңіл қол қимылын жасаңдар. Жел күшейе бастады. Арқаға қаттырақ қимыл. Ураган. Арқаны дөңгеленіп, қатты қимыл жасаймыз. Сосын жаңбыр тамшылай бастады, (қолдың ұшымен массаж жасау) Бұршақ жауа бастады. Саусақ ұшымен қаттырақ соғу. Қатты нөсер жауды, ұсақ жаңбыр, ураган, жел күшейді, ақырындай бастады, табиғат тыныштанып, күннің көзі жарқырап шыға бастады.

Медитациялық ән. Дыбыс байланыстарын жақсартуға, қобалжу сезімінен арылуға жақсы әсер етеді

1. Армандастар-(Бе-бе-бе )

2.От улыбки (Кар-кар-кар)

3. Пусть бегут (Гав-гав-гав)

4. Мы желаем счасья вам (Мяу-мяу-мяу)

Жарайсың! Стресс кезінде өз-өзіне сенімділік қалыптастыру.

Әркім өзіне жұп тауып, ішкі және сыртқы шеңбер құру. Ішкі топтағы мұғалім сыртқы топтағы жұбына өз жетістігін айту, кім тыңдап тұр, әрбір жетістігін атағанда саусағын бүгіп «ал, сен бұл үшін жарайсың-1, жарайсың -2» -деп жалғастыра береді, сосын кезек ауыстырылады. Жүргізушінің белгісі бойынша ішкі шеңбер жылжып, орнын ауыстырып, ойын жалғастырады.

Сұрақтар:

- өзің жайлы жақсы жетістіктерді есіңе көп түсірдің бе

- өзіңе жақсы сөздерді не үшін айту қажет?

- өзіңнің жұптасыңнан не үйрендің?

110.«Мен қандай жетістікке жеткім келеді?» жаттығуы

Мақсаты: Жетістікке жетуге бағыттау.

Нұсқау: Бірнеше минут тыныштықта отырып, қандай жетістікке жеткілерің келеді, сол жайында ойлаңдар. Осы жайында топқа іс-қимыл арқылы қалай жеткізер едің? Қалғандарының мақсаты, не жайлы айтты соны табу.

Сараптау:

- Саған ең маңызды мақсатыңды таңдау қиын болды ма?

- Өз мақсатыңа жете алатыныңа сенімдісің ба? Ол үшін не істеу керек? - Еш сөзді қолданбай өз мақсатыңды айтқаныңда өзіңді қалай сезіндің? - Сенің мақсатың өте ауқымды емес пе, немесе тым ұсақ емес пе?

111.«Мен - ғажайыппын» жаттығуы

Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын алу,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.

Жоспар:

1.Жаттығу "Хор"

2.Мен ғажайыппын (Мұғалімдердің әр түрлі көзқарасын анықтау)

3.Оқушы көзімен

4.Арт-терапиялық жаттығу."Кезекпен сурет"

5.Жаттығу "Комплимент"

6.Жүргізілген жұмысты қорытындылау.

Жүргізуші: Саламатсыздар ма қымбатты ұстаздар! Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ал енді осы "ғажайып" дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы ғажайып сөзінің педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз "Ғажайып" сөзіне ұқсас бір-бір сөзден сөз айтып көрейік. Қатысушылар, мысалы мына сөздерді айтуы мүмкін: идеал, үлгі, нәзікке ұқсас, бір бағыттағы, ескерткіш, сондай бір өте жақсы, т.б.

Жүргізуші: Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір қатысушы өз атын айта отырып, бойындағы жақсы қасиетін айта кетеді. Келесі қатысушы алдыңғы қатысушының атын, жақсы мінезін айта кетеді.

Келесі жаттығуымыз "Хор"деп аталады. Залдан бір қатысушының сыртқа шыға тұрғанын өтінемін, залда қалған қатысушылар бір төрт жол тақпақтың сөздерін бөліп-бөліп алады. Сыртқа шыққан адам келген кезде бір, екі, үш деген нұсқаудан кейін әрбір қатысушы өз сөздерін айтады. Сырттан кірген адам қандай тақпақ екенін табу керек. Бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын.

Келесі жұмысымызға көшелік. Бірінші бөлім бойынша біз қандай ғажайып не екенін айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін, балалардың көзімен, яғни оқушы көзімен ғажайып деген ұғымды түсүнуге тырысып көреміз. Екі топ қатысушылары: бірінші топ - бастауыш оқушылары, екінші топ - жоғары класс оқушылары. Жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп орнықты отырып, көз алдыңызға бастауыш және жоғары класс мұғалімдерінің қандай болатындығын елестетіңіздер. Енді әр бір топ өзара келісіп, шешімге келіп мұғалімнің төрт жақсы қасиетін қағазға жазып орталарыңыздан біреу шығып қорғап шықсын.

Қорытынды: "бастауыш оқушылары" тобының пікірі : мұғалім мейірімді, әдемі, көңілді, шыншыл болу керек.

"жоғары класс оқушылары" тобының пікірі: өз мамандығының кәсіби шебері, ұйымшыл, қатаң, қазіргі талапқа сай болу керек.

Жүргізуші: Ал енді сіздер үлкен адам кейпіне еніп, тәжірибелі ұстаз болуға тырысыңыз. Екі топ бірігіп, мұғалімдерге берген оқушылардың сапаларын талқылап ашып көрелік. Тақтаға жазамыз. Біздің мысалда болған төрт сапа шыншыл, қатаң, кәсіби шебер, ұйымшыл, осы сапалар біздің бойымыздан табылады деп ойлаймыз.

Енді келесі жұмысымызға көшелік ол - арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып мұғалімнің суретін саламыз.

Сурет бойынша қорытынды: идеялды мұғалімнің суретін саламын деп кім пайда болды... «әрдайым көріп жүрген мұғалімнің бейнесі.

Бүгінгі шыққан нәтиже жемісіне оралатын болсақ педагогтардың мықты жақтарын тағы да бір еске түсіре отырып, бір-бірімізге "Комплимент"айтайық.

Жүргізуші: Егер тақырыпқа келетін болсақ,"ғажайып"деген түсінік бір нәрсенің біткенін, болғанын білдіреді. Бірақ біздің жолымыз біткен жоқ, біз сіздермен әрдайым қозғалыстамыз. Кез келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар ашылады, жаңалықтың шеті жоқ.

Мен сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін!

112.«Кеденшілер мен ұрлап өткізушілер» жаттығуы

Бір адам ұрлап өткізушінің рөлін ойнайды. Ол бөлмеден шығады және қайтадан басқаларға оралады, яғни кеденшілерге. Ол бөлмеден 5 рет шығады, бір оралғанында (қайсысында - оны өзі таңдайды) оның киімінің ішінде кішкентай заты бар (мысалы, ең үздік ұрлап өткізушіге сыйлық) конверт жабыстырылған болуы керек.

Кеденшілер ұрлап өткізушілерді тексеруге құқықтары жоқ. Тек қана әр түрлі сұрақтар қоя алады. Кеденшілердің тапсырмасы - келген қай ұрлап өткізушіде конверт жасырылғанын білу.

Әр кеденші өзінің пікірін жазады. Сосын әрқайсысы осы деген, тек екі келушіні көрсете алады.Ұрлап өткізушінің рөлін кезекпен бірнеше қатысушы ойнайды.

Қорытынды: Өздеріңе қай топта жеңіл болды және әр қатысушы өз мінез-құлқын қалай көрсете алды? Ұрлап өткізушілер сендерде кеденшілердің алдында қорқыныш, қобалжу сезімдері болды ма?

113.«Жақсы тілектер айту» жаттығуы

Тыңдаушылар 2 бағанға тұрады. Бір тыңдаушыдан шығып, көзін жұмып 2 бағанның ортасынан жүріп өтеді. Өткен кезде әуенмен 2 бағанда тұратын тыңдаушылар бір- бірден құлаққа жақсы тілектер сыбырлайды.

114.Тұлғааралық қарым-қатынас тренингі

Мақсаты: қарым-қатынас стратегиясын және қоғамда өз-өзін ұстау мәнерін ойлап табу.

Жүргізуші: «Біз қазір әрқайсысымыз шеңбер бойынша өз аттарымызды айтым, өзіміз жайлы бір ауыз сөз айтамыз. Оның алдында әр қатысушы өзіне бір қағаз (табличка) алып, соған өз атын жазады. Ол міндетті түрде сіздердің аттарыңыз болуға тиісті емес, сіз басқа да қалаған атты жазуыңызға болады. Егер сіз басқа ат алсаңыз, бірінші өз шын атыңызды атаңыз, сосын неліктен атыңызды ауыстырғаныңызды түсіндіруге тырысыңыз. Мүмкін осы алған аттары оларға тіпті қажет емес болар, бірақ әрқайсысы қағаз алып, басқа атпен өзі туралы біраз айтып кетуіне болады. Сонымен, бастаймыз».

                  1. «Сыйқыр сөз»

1. Мысалы, біз қобалжығанда, біз өз ішімізден осы сыйқыр сөзді айта аламыз және сонда өзімізді сәл болса да, сенімді және сабырлы сезінеміз. Ол әртүрлі сөздер бола алады: «тыныштық», «салқын самал» жәнет.б.. Ең бастысы сізге көмектессе болды.

Аяқталысымен жүргізуші барлық қатысушылардан қандай «сыйқырлы сөз» болғанын және олар сол кезде не сезінгендерін сұрайды.

2. Сабырлыққа келудің тағы да бір тәсілі бар. Сізде қобалжу, қысым түсіретін жағдайды есіне түсіріңіз не ойлап табыңыз. Өз ішіңізден бірнеше рет, сіз өзіңізді жақсы, сабырлы сезінетіңізді айтып кетіңіз. Бірақ бұл сөздер әрине оң болуы тиіс, мысалға «мен қобалжымаймын», «мен сабырлымын» және т.б.

Жаттығу біткен соң, жүргізуші қатысушылардан қандай сөз тіркестерін қолданғандарын, не сезінгендерін және егер қиын болмаса, естеріне қай жайттар түскенін сұрайды

Берілген жаттығу топтағы сенімді атмосфераның болуына, өз-өздерін реттеуге және осыдан кейін топ қатысушылары өз сезімдерін ашық және сенімді білдіреді.

        1. 115.«Бұзылған телефон» жаттығуы

Мақсаты: вербалды деңгейде бірін-бірі түсінуді үйрену үшін.

Қатысушылар бір-бірден тізбекке тұрады. Жүргізуші тізбектің соңына тұрады. Осылайша, барлық қатысушылар бір-біріне арқаларымен тұрады. Иыққа қағыспен қатысушы алдында тұрған қатысушыға қарауды ұсынады. Содан кейін ол ым-ишара арқылы бір затты көрсетеді (сіріңке қорабы, пистолет, волейбол добы және т.б.). Бірінші қатысушы екінші қатысушыға қарайды және жаңағы иық қағысымен оның қарауын сұрайды, сосын затты көрсетеді және сол сияқты ары қарай ақырғы қатысушыға дейін. Ең ақырғы қатысушы сол затты атайды. Шарттары: барлығы да дыбыссыз орындалады, тек қана ым-ишара арқылы, тек қана қайталауды сұрауға болдады және қатысушылар кезегі жетпей бұрылмауы керек.

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

  • Қатысушылар бір-біріне әдепті болды ма?

  • Кімге өз досын түсінуге қиын болды?

116.«Арқаға арқа» жаттығуы

Мақсаты: күнделікті өмірде болмайтын қарым-қатынастың тәжірибесін алу.

Екі қатысушы бір-біріне арқаларымен отырады және осы жағдайда 3-5 минут әңгіме құрады. Аяқталысымен олар өз сезімдерімен бөліседі.

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

  • осы әңгіме күнделікті әңгімеге ұқсады ма, мысалы, телефондық әңгіме, қандай айырмашылықтар бар?

  • әңгіме құру оғай болды ма?

  • әңгіме қалай болды - ашық па әлде жоқ па?

Қалғандары да дәл осылай істей алады.

        1. 117.«Қолтырауын» жаттығуы

Мақсаты: басқаларға күлкілі, ретсіз болып көрінуден арылу.

Көбі адамдар қоршаған ортаға күлкілі болып көрінуден қорқады. Осы ойын қорқыныштан арылудың құралы ретінде ұсынылып отыр. Топ екі топқа бөлінеді. Бірінші топ бір сөзді не сөз тіркесін жасырады да, келесі топ - өзінен бір адамды сол табуға шығарады. Топтар кезекпен сөздерді жасырады.

Талқылауда:

  • Көрсетуге қиын болды ма?

  • өздерін қалай сезінеді?

  • Ойын аяқталысымен қандай сезімде болды?


118.«Ыстық орындық» жаттығуы

Мақсат: өзіне деген оң және теріс айтып салуларды адекватты түрде қабылдау.

Жүргізуші топ қатысушыларына бір адам туралы өз ойларын айтуға ұсынады. Бір-бірі туралы осылай айтуға болады: «сен бірдеңені істегенде, не айтқанда былайда былай, менде осындай да сезімдер қалыптасады, және маған осы былай, а былай болуы мүмкін еді». «Ұнайды», «жақсы», «жаман» деген айтулардан аулақ болуға тырысу.

Бір қатысушы өз тілегі бойынша ортаға отырады. Содан барлығы айтып болған соң, қатысушы өзі туралы естігенде не сезінгенін айтады. Қатысушылар кезекпен айтады, ал ортаға ыстық орындыққа тілектері бойынша отырады.

Талқылау кезінде қатысушылар өз сезімдермен бөліседі, олардың бір-біріне деген қатынастары осы жаттығудан қалай өзгерді.

Неліктен кейбіреулері отырған жоқ?

119. «Сиқырлы ғажайып орман» жаттығуы

Мақсаты: Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру.

Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.

Сараптама:

Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз?

Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз?

Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз.

120.«Жеміс-жидек» жаттығуы

Мақсаты: Ұжымға, топқа келген бөтен адамға бейімделуіне көмектеседі.

Жеміс-жидектер аттарын айтып шығады. Алдында айтылып кеткен жеміс-жидек қайталанбауы керек. Барлығы өзіне жеміс-жидек таңдап болғаннан кейін, қатысушылардың ішінен өз еркімен бір адам ортаға шығады да, осы топтың ішіндегі айтылған жеміс-жидектерді қайталап шығады. Егер қайталай алмаса, ойынға қатысушылар айыппұл төлеуін талап етеді. Егер қайталай алса, онда ол адамға қошемет көрсетіледі. Бұл жаттығудың бөлігінде есте сақтау, зейінмен жұмыс істейді. Жаттықтырушы ортада тұрады, ал топтың ішіндегі қатысушылардың біреуі ойынды бастайды.

121.«Карусель» жаттығуы

Мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.

Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.

122. «Өзін-өзі таныстыру» жаттығуы

Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.

Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.

123.«Ауадағы сұрақтар» жаттығуы

«Ауадағы сұрақтар» тәсілін қолданамын. Бұл ойын түрінде жүргізілетін тәсіл. Мұғалімдерге шар үлестіріліп беріледі, бір сұрақ ойлап, оның жауабын шарға жазуды сұраймын. Шардың шетіне өз есімдерін жазып қоюды ұмытпауы тиіс. Мұғалімдер шарларды бір-бірімен алмастырады. Шардағы жазылған жауаптарға сұрақ қояды. Өз жауабы жазылған шар өзіне қайтып келгенше қайталай беруге болады. Өз шары өзіне қайтып келген соң, сондағы сұрақтарды төмен және жоғары дәрежелі деп екіге топтастырады. Бұл тапсырманың идеясы - шарларда жазылған сөздерге түрлі сұрақтар жазу және олардың түрлерін анықтау арқылы ашық және жабық сұрақтарды қою дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл тәсіл мұғалімдерді белсенді іс-әрекетке жетелейді. Қызықты жаттығу ретінде де қолдануға болады.

124.« Қағаз бетіндегі саяхат» жаттығуы

Тиімділігі: ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырады. Бұл жаттығуды әсіресе «Сыныптағы психологиялық ахуал, Оқушыларды ынталандыру, «Ынтымақтастық атмосферасын орнату» тақырыптарын өткенде қолдану тиімді.

Сипаттама: тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу. Сызықтар бір бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады. Мен бұл жаттығуды өз тобымдағы мұғалімдермен орындадым.

Нәтижесі: тыңдаушылар бұл жаттығуды ұнатты, олар салынған суретте әрқайсысының үлесі бар екендігін сезініп, соңында өз саяхаттарының қайдан бастау алып, жолда қандай кедергілер және қызықты оқиғалар кездескенін анықтап, қайда келіп тоқтағанын сипаттап айтып берді.

125.«Екі шындық, бір жалған» жаттығуы

Мақсаты: топтың ұйымшылдығын, ынтымақтастығын күшейту, ашықтық

атмосферасын қалыптастыру. Топ мүшелері дөңгеленіп отырады: әрбіреуінде

қағаз бен қарындаш дайын болуы тиіс. Мұғалімдерге өздеріне қатысты үш сөйлем жазу ұсынылады. Бұл үш сөйлемнің екеуі шындық, біреуі жалған болуы тиіс. Барлық қатысушылар өз сөйлемдерін оқиды, қалғандары айтылғандардың шындық, не жалған екенін түсінуге тырысады. Барлық пікірлер негізделуі тиіс. Авторлар барлық мұғалімдердің ойларын тыңдап алған соң ғана түсіндірмелерін айтуы тиіс

126.«Біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?..» жаттығуы

Мақсаты: топ мүшелерінің ынтымақтастығын, ұйымшылдығын арттыру. Барлық қатысушылар кабинетте араласып жүреді, кездескен әріптесіне бірінші «сіз маған.... ұқсайсыз» (мысалы, сіз маған ақ көңіл мінезіңізбен ұқсайсыз, сіз маған табандылығыңызбен ұқсайсыз т.б.) (екі минут), содан соң «Сіздің менен айырмашылығыңыз...» (мысалы, сіздің менен айырмашылығыңыз еңбекқорлығыңызда, сіздің менен айырмашылығыңыз деген сөйлемдерді айтады. Қорытындысында біз негізінде бәріміз бір-бірімізге ұқсаймыз және өзіндік айырмашылығымыз да бар, ешкім бізге әр түрлі болуға тыйым сала алмайды.

127.«Кішкентай ергежейлі» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға кішкентай мейірімді ергежейлінің рөлін ойнауды ұсынады. Жүргізуші қол соққанда, қатысушылар қолдарының шынтақтарын бүгіп, саусақтарын алдына қарай созып «У» дыбысын қатты қорқынышты дауыспен айтады. Егер жүргізуші қолын ақырын соқса, «У» дыбысын ақырын айтады. Өздеріңіздің мейірімді ергежейлі екендеріңізді ұмытпаңыздар, аздап қана қалжыңдаймыз.

128.«Кенгуру» жаттығуы

Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Бір кенгуру тұрып тұрады, екіншісі – оған арқасымен тұрады, сосын отырып тұрады. Екі қатысушы да қолдарынан ұстайды. Әрбір жұптың міндеті осы тұрғыда, қолдарын айырмай, бөлмені секіріп, айналып шығу. (Қатысушылар рөлдерімен алмасады, сосын жұптарымен алмасады).

129.«Кеме» жаттығуы

Қатысушылар екі қатарға бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Бұл өзен жағалаулары. Қатарлардың ара қашықтығы қолдары бір - бірлеріне тимеуі керек. Өзенге кеме көзін жауып жүзіп келеді. Оның қозғалысы ақырын немесе жылдам болуы мүмкін. Жағалаулар қолдарымен кеменің қозғалысына ақырын көмектесуіне болады. Кеме жолды өзі таңдайды; айналуына, бұрылуына, оралуына болады.

Соңында кез келген жағалаудың шетіне тұруы қажет. Осы кезде басқа кеме жолға шығады.

130.«Алақанға жан бітір» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанын салып, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға ауыз, көз..... салу. Саусақтарын бояу. Әрбір саусаққа ерекше есімдер ойлап тауып жазу. Соңында неге олай аттағандықтары туралы айтып беру.

131.«Құпия дос» жаттығуы

Әрбір қатысушыға 5 бланкілі ашық хат (открытка) ұсынылады. Әрбір қатысушы 5 ойыншыға тілек жазулары керек. Ашық хатты әдемілеп безендіреді. Хат кімге арналғандығын жазады. Кімнен екені жазылмайды, құпия болып қалады. Ашық хат пошта жәшігіне салынады. Келесі күні жүргізуші жәшікті ашып, хатты хат иелеріне тапсырады.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы 

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 

- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 

- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 

- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 

- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 

Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз. 

132.«Жағымды сөздер» жаттығуы

Мақсаты: Өзін - өзі одан әрі ашу, өзін - өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез - келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез келгенін тыңдайды да, оған өз жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.

Талдау: Мақтау сөзді айту жеңіл болды ма? Мақтау сөзді естігенде өзіңізді қалай сезіндіңіз? Алған әсеріңіз қандай?

133.«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы

Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту.

Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады.

Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар?

134.«Ол кім, көрсет?» жаттығуы

Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу.

Тақтаға топ ойыншыларына ұнайтын мамандықтардың 10 - 12 түрі жазылады. Жүргізуші ол мамандықтардың әрбіреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет?». Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді.

Талдау: Лайық ойыншыны көрсетуде сіздерге не көмектесті? Қандай әсер алдыңыздар?

135.«Жауырындағы жазу» жаттығуы

Мақсаты: Өзара сенімділік, топтың ынтымақтастық сезіміне зейін қою.

Жүргізуші мамандықтың аты жазылған қағазды бір ойыншының арқасына түйреп қояды. Қалғандары сол мамандықты бейнелеп көрсетеді. Қағаз түйрелген ойыншыны өзінің арқасында не жазылғанын табу керек.

Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қай мамандықты көрсету қиын болды? Неге?

135«Суретті жалғастыру» жаттығуы

Мақсаты: Шығармашылықты, оның көрінуіндегі кедергілерді сезінуді дамыту. Топ қатысушылары шеңбер бойымен отырады. Шеңберде түсті қарындаш, бор, фломастерлер, парақтар бар.

Нұсқау: Мен «бастаймыз» деп айтқан кезде, әрбіреуіңіз парақ және сурет салуға қажет нәрселерді аласыз. Сурет салуға 15 секунд беріледі. Уақытты мен қадағалап тұрамын және 15 сек. соң сол жақтағы көршіңізге әрқайсыларыңыз өз парағыңызды беруіңізді сұраймын. Парақты алған соң сіз салынған суретті әрі қарай, мазмұнын дамыта отыра, кез –келген бағытта, тағы бірдеңелерді салуыңыз керек. Әркімнің парағы өзіне қайтып келгенше шеңбер бойымен жүріп шығуы керек».

Талдау: Жасалған жұмысты талқылау кезінде тренер топтың зейінін қатысушылардың күтпеген, дәстүрлі емес, өзгеше қабылданған сюжеттің өрбу сәтіне шоғырландыруына болады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет