Жұмыстың мазмұны мен түрі. Мектеп музейі өз жұмысында қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан Республикасындағы білім беру мекемелерінде жұмыс істейтін мұражайлар туралы "Ережені" және өзінің Жарғысын басшылыққа алады".
Музей қызметкерлері келесі жұмыстарды жүргізеді:
- музейдің жұмыс тақырыбына сәйкес тарихи-әдебиеттерді және басқа да дерекнамаларды зерттейді;
- музей қорын үнемі іздену жолымен (туристік жорық, саяхатта, экспедициада, т.б.) үнемі толықтыру;
- музей заттарын сақтауды қамтамасыз ету, оларды мұражайдың тізім кітабына тіркеу;
- музей заттарын жаңарту және тұрақты, жылжымалы көрмелер ұйымдастыру;
- халық жөне оқушылар арасында экскурсиялық дәрістерді жүргізу;
- музей қорын оқу-тәрбие жұмысына пайдалануға жәрдемдесу.