Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны



Дата18.05.2023
өлшемі16,69 Kb.
#177062
Байланысты:
сценарий


Жұлдыз:
Армысыздар, аяулы да, ардақты ұстаздар қауымы, құрметті қонақтар, қадірменді ата-аналар, сүйікті шәкірттер!Алтын ұя мектептің соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер! Өздеріңізге арналып қағылғалы тұрған соңғы қоңырау мерекесін ашуға рұқсат етіңіздер!
11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен, әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен ұстаздардың шәкірттермен қоштасу мерекесі – соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер!
Арай;
Мектеп қой Еліміздің қаны, жаны,
Мектептен басталады бәрі - бәрі.
Бүгінгі мектеппен қоштасу салтанатында,
Шырқалсын Қазақстан әнұраны!
Арай;
Маңғыстаудай кең жазық даласында
Берекелі Бейнеудей қаласында
Мектеп бар «Лицей» дейтін өлкемізде
Арналған алғыр, зерек баласына

Жұлдыз:


Міне, бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектептің мерекесі, оқушылардың сыныптан - сыныпқа көшіп, асыға күткен жазғы демалысқа шығарып, салатын – соңғы қоңырау салтанаты!Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл - қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпесі анық.
Арай : Бәрі де баласындай бір ананың,
Өз елі қазағының ұғады әнін.
Қызы ибалы, ұлы ер, шықсын кәне,
11-ші Ә сыныбы Айсұлу анамыздың,
Жұлдыз:
Жас жүректің өмірлік құштары – гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, - деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. ( музыка)
Арай: Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
Жұлдыз: Бүгін -«мектебім, ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
Арай: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Жүлдыз: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
Арай: Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
Жұлдыз;
Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Осы бір мектебі үшін жанын салған,
Сөз кезегі берілсін директорге .
Мектебіміздің директоры қызын
ортаға шақырамыз.

Жұллдыз;
Хор: « » әні. Орындайтындар бітіруші түлектер.


Арай:
Білімді шәкірттерін аялаған
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың
«Ұстаз» деген аяулы, ардақты адам- дей отырып құттықдау сөзді сынып жетекшіміз – Алтаева Айсұлу Задыхановна
Арай;
Ән орындаушылар маматхан Жұлдыз Қуанышбекова Айкен
Жұлдыз;
Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан, ата - анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата – ананы

Арай;
Келесі кезекте 11 Ә түлтерінен соңғы вальс


Слайд

Сыйлық



Гитара

Арай: Құрметті мектеп бітіруші 10 - шы жас түлектер! Ата - аналар мен қонақтар! Аяулы ұстаздар! Бейнеу лицейінің «Сәт сапар саған, жас түлек!» атты салтанатты жиынын жабық деп жариялаймын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет