7
|
Мектеп педагогикалық жүйесін басқару принциптерін сипаттаңыз. Басқарудың негізгі мақсаты және міндеттерін, басқару үрдісінің циклді сипатын талдаңыз, оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалана отырып білім беру әдістемесіне мысал келтіріңіз.
|
8
|
ҚР білім беру бағдарламасына сипаттама беріп, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерін жіктеңіз, жаңа инновациялық технологияны қолдануды өз саласына бейімдеу мәселесін түсіндіріңіз.
|
7) Мектептерді педагогикалық жүйеде басқару, жаңа технологияларды қолдану оқытудың жаңа инновациялық технологияларын еркін пайдалану мен сапалы білім берудің жаңа ғасырдың талабына сай оқыту үлгісі болып табылады. Бұл тұрғыда Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру – өмірдің талабы болып отыр. Басқарудың мақсаты жаңа технологияларды меңгерген білімді мамандар дайындап шығару. Педагогикалық технология – педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, мынадай технология ұстанымдарына сүйенеді: а) технологиялық, құрылымдық жəне мазмұндық ұстанымдары; ə) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, əлеуметтік жəне табиғатқа сəйкестілік, барлық үдерістердің қарқынды жүруі (В. Беспалько, 1984.) Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дəрежеге жуықтату. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сəйкес кəсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылымиəдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды əрі кезек күттірмейтін ауқымды істер. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Л. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты əрі мынадай ұстанымдардан құралады:
Жоғарғы деңгейдегі қиындыққа оқыту
Теориялық білімнің жетекші рөлі
Оқу материалын жеделдете оқыту
Оқу үдерісін оқушының сезінуі
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу
Бұдан өзге оқытудың неше түрлі технологиялары бар. Мәселен: проблемалық оқыту технологиялары, білім бердің ізгілендіру технологиясы, ұжымдық оқыту технологиясы, Кабуш технологиясы, деңгейлеп саралам оқыту технологиясы және т.б.
8) Білім беру бағдарламасы мақсаты: 1) Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.2) Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.
Негізгі міндеттері: 1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді жаңғырту.
2. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың, кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету.
7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.
9. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
10. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.
11. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.
Яғни бағдарламаның мақсатында айтылып тұрғанындай Қазақстандағы білім мен ғылымды жетілдіріп, оны бәсекеге қабілетті өзге дамыған елдермен иық тіресе алатындай ету,ең үлкен мақсат болып отыр. Осының негізінде келіп туындайтын негізгі міндеттері алдымен білім деңгейін көтеру үшін педагогтың мәртебесін өсіру керек. Бұлай дейтін себебіміз біздің елде педагог дәрежесі деген осы уақытқа дейін өте төмен болып келді. Биыл ғана қолға алына бастады. Сосын педагогке қажеттінің барлығын беру. Былайша айтқанда өзінің сабағын еркін әрі түсінікті өткізн алатынындай етіп жағдай жасау. Ауылдық мектептердің жағдайын жақсарту. Жаңа технологияларды қолданып сабақ беру, оқушының ынтасын ашу, пәнге деген қызығушылығын арттыру осының барлығын тізіп айта берсең өте көп, жалпы айтқанда бәсекеге қабілетті ел болу үшін жағдай жасау Қазақстан білім деңгейін көтеруде алға қойған міндеттерінің бастысы. Осы кем-кетік тұстарын жақсартсақ қана біз әлем тамсанып қарайтын ел боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |