Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінің тақырыптық перспективті жоспары



бет7/9
Дата08.09.2017
өлшемі1,79 Mb.
#30699
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз мерекесі - күн мен түннің теңелу, табиғаттың жаңару мерекесі екенін.

Игереді: қазақтың ұлттық тағамдары туралы түсініктерді.

Меңгереді: арқан тарту арқылы күш сынасу дағдыларын.

47 - 48 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қайырлы таң»

Мақсаты: жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрену. Әнді орындағанда үндесіп, бір-бірін тыңдап айтуға үйрету.

Көрнекілік: музыкалық аспаптар: асатаяқ, сылдырмақ, тұяқтас,

Дина Нүрпейісованың портреті.

Сөздік жұмыс: тұяқтас, қыран, шапақ, рауан.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті




Мотивациялық - қозғаушылық

Балалар музыка әуенімен залда қарсы алады.

Әрбір атқан таңымыз арайлы, бәріміздің жүзіміз жарқын, көңілді, құстарымыз сайрап, гүлдеріміз жайнап тұрса, көктем күні қандай керемет!



Балалар музыка залына нақты қадаммен келді. Шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка әуеніне жүгіреді. Шаттық шеңберінде бір-біріне тілек айтады.

Шаттық шеңберін жасап, тілектерін тілейді.






Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Құстардың ішінде де әнші құстар болады. Бұлбұл - әнші құс. Халқымыз даусы әсем әншілерді бұлбұлға теңейді.

Музыка тыңдау: «Бұлбұл» (Дина Нүрпейісова).

Дина Нүрпейісова - күйші-композитор. Дина тоғыз жасынан күй тартып, Құрманғазыдан күй үйренген. Кейін өзі күй шығаратын болған. Динаның «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Жеңіс», т.б. көптеген күйлері бар. «Бұлбұлда» әнші құстың сайрағаны күй арқылы көрсетілген. («Қазақ композиторлары және музыкалық аспаптар»)



Ән айту: өткен әндерді еске түсіріп,

мәнеріне келтіріп орындау, қайталау.

Дауысты қалыпқа келтіріп, дауыс

жаттығуын жасау.



Ән үйрену: «Қайырлы таң»

(Е. Өміров, А. Тойшанұлы).

Е. Өміровтың суретін көрсетіп,

қысқаша мағлұмат беру («Қазақ

композиторлары және музыкалық

аспаптар»).

Ән сабырлы, шырқай салынады. Музыка жетекшісі әнді орындап, балалардан ән туралы сұрайды. «Шапақ», «рауан» деген сөздерге тоқталып, түсіндіру. Әнді бөліп-бөліп үйретіп, соңынан қосып айтқызу. Музыкалық аспапта ойнау: «Тұяқтас» аспабымен таныстыру. Ұрмалы аспаптың ойналу техникасын көрсету. «Сәулем - ай» әуеніне ырғақпен ұрып көрсету. Бірнеше балаларды шығарып, асатаяқ, тұяқтас, сылдырмақтармен әуенге ілесіп ойнау. Балалардың қалауы бойынша үйренген билерді қайталау.


Балалар күйшімен танысып, күй тыңдайды. Күйден алған эсерлерін жеткізуге тырысады.

Балалар өткен әндерді қайталайды.

Композитормен танысып, жаңа әнді үйренеді.

Балалар жаңа музыкалық аспаппен танысып, аспапты қызықтап, бір-біріне соғуды, дыбыс шығаруды үйренеді. Әуенге қосылып, аспапта ойнайды.



Рефлексиялық - түзетушілік


- Бүгін қандай композитормен таныстық?

- Қандай күй тыңдадық?

- Әнде не туралы шырқалды?

- Қандай музыкалық аспаппен таныстық?

- Сендерге бүгінгі қай іс-әрекет ұнады?



Балалар сұрақтарға жауап беріп, топтарына тарқайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: түрлі табиғат құбылыстары аспаптың күй тілінде сайрайтынын білуі керек.

Игереді: тұяқтас, шапақ, рауан деген түсініктерді.

Меңгереді: жаңа музыкалық аспапта ойнау дағдыларын.

49 - 50 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін арттыру. Қимылмен түрлі сипаттағы әуендерді көрсету. Ән айту, есту қабілеттерін әрі қарай дамыту. Классикалық музыкаға қызығушылығын арттыру, түсініп, әңгімелеуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: скафандр атрибуты, құрсаулар.

Қажетті құрал-жабдықтар: ғарышты, ғарыш кемесін бейнелейтін суреттер. Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұхабаев суреттері.

Сөздік жұмыс: ғарыш, ғарышкер, зымыран, Байқоңыр, скафандр.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Балаларға Марш (Е.Марченко) екпінімен, тұлғаларын түзу ұстап, аяқтарын көтере жүруді ұсынады. Әуенді - ырғақты қимылдар көрсетіледі. «Кел, билейік» (В.Комарова) ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқтан келесі аяққа жеңіл секіртпелі қимыл жасауды, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіру (боковой галоп) қимылдарын үйретеді.

Балалар марш ырғағын сезіне, денелерін түзу ұстап, нық баса жүреді.

Көңілді биді жеңіл, жұптаса билеп, би қимылдарын еркін жасайды. Өз беттерінше еркін билеп дағдыланады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік


12 сәуір - Ғарышкерлер күні екенін айтып, ғарыш бейнеленген суретті көрсетеді. Жетекші балаларды ғарышқа саяхатқа шақырады.

Сапар үшін келесі

Дайын ғарыш кемесі.

Бұған ертең мініп an,

Айға барамыз зымырап.

(А.Сопыбеков) - Ғарышқа тек мықты, шымыр балалар ұша алады. Ал кәнеки, қазірден жаттығуға әзірленейік! - деп, жаттығулар жасауды ұсынады (музыка жетекшісінің таңдауымен).



Ғарышкерлер күні туралы біліп, түсінік алады.

Дене жаттығуларын бірдей қимылдап жасайды.

Әуен ырғағын сезіне қозғалып, мәнерлеп көрсетеді.





- Міне, енді шынығып, ұшуға дайынбыз.

Скафандрларын киіп, ұшуға дайындық жасалады. Үнтаспадан «Ғарыш кемесінде» әуені ойналып, балаларға көздерін жұмып, «ұшу» қимылын ырғақты сезіне көрсетуді ұсынады.

- Міне, белгісіз планетаға тап болдық. «Фантастикалық би» (Р.Шуман) ойналып, балаларға робот қимылдарын өз білгендерінше көрсетуді сұрайды. Р.Шуман туралы түсінік береді.

- Балалар, сендер қай планетаға сапар шеккілерің келеді? (Ай, Юпитер, т.б.)

- Айға ұшатын бала туралы ән айтып берейін, мұқият тыңдаңдар! Музыка тыңдау: «Айды әперші, апатай!» (Е.Өміров, Ө.Тұрманжанов) әнін орындап береді. Әннің мәтінін, сипатын түсіне әңгімелеуді ұсынады.

- Ғарыш деген не?

- Қандай ғарышкерлерді білесіңдер?

- Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан?

- деген сұрақтар қойып, толық мәлімет береді. Түңғыш ғарышкер Ю.Гагарин, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев суреттерін көрсетеді, мәлімет береді.

Ғарыш айлағы Байқоңырда орналасқанын, алып зымырандар ғарышқа осы жерден ұшырылатынын түсіндіреді.



Әуенді тыңдап, ерекше үндерді естіп, сезінеді.

Көздерін жұмып, өздерін ғарыш кемесінде отырғандай сезінеді.

Қойылған сұрақтарға көңілдене жауап береді.

Ғарышкерлер туралы мағлұмат алып, Байқоңыр туралы біледі.






Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Мұсабаев ағаның,

Даңқы көкке самғаған Тоқтар аға, Гагарин Салған жолды жалғаған. Музыка жетекшісінің таңдауымен дауыс жаттығулары орындалады. - Батыр ағаларымыздай сендер де ғарышкер болғыларың келе ме? Ән үйрену: «Ғарышкер боламыз» (С.Мұхамеджанов, Ш.Мұхамеджанов). Әннің мәтінін түсіндіріп, әуенін үйретеді. Жылдам екпіні мен ырғағына мән береді. Секірмелі фа-си, соль-до дыбыстарын таза айтуға ерекше көңіл аударады.

Әуенді-ңимылды ойын: «Роботтар кемесінде». Үнтаспада робот қимылына сай әуен ойналып, балалар робот қимылдарын көрсетеді. Әуен тоқтағанда, өз «кемелеріне» отырып үлгерулері тиіс. Ғарыш кемесі ретінде құрсауларды қолдануға болады. Үнтаспадан «Ғарыш кемесінде» әуені естіліп, балаларға жерге оралуды ұсынады. Балалардың көздерін жұмып, әуенді сезіне қабылдауларын бақылайды. «Айгөлек» әуенін оркестрде ойнауды жалғастыру (қоңырау, үшбұрыш, металлофон).

Тақпақты қайталап, еске сақтауға, жатқа айтуға үйренеді.

Дауыс жаттығуларын жеңіл, әндете орындайды. Балалар

сұрақтарға жауап беріп, көңілдері көтеріледі. Жаңа әнді үйреніп, мәтінін түсінеді. Әуенін сезіне, таза, анық айтуға үйренеді. Әнді тыңдап, сипатын ажыратады. Ән мазмұнын түсініп, әңгімелей алады. Робот қимылын өз еріктерінше көрсетіп, билейді.

Қолды, аяқты тез, шалт қозғау. Тізені бүкпей адымдап жүру. Балалар кемеге отырып, «ұшады».

Оркестрде ойнауды жалғастырады.


Рефлексиялық - түзетушілік


«Кел, билейік» әуеніне көңілді би билеуді ұсынады. Таныс әуенге би қимылдарын өздеріне ойлап табуды, мәнерлеп билеуді ұсынады. - Ғарыш айлағы қай жерде орналасқан? Қандай ғарышкерлерді білесіңдер? Балаларды мадақтап, белсене қатысқан балаларды атап өтеді. Үйде «Ғарышта» немесе «Зымыран» тақырыбына сурет салуға тапсырма береді.

Көңілді биді өз қалауынша би қимылдарымен мәнерлеп билейді. Ырғақты сезіне қимылдайды.

Балалардың жауабы.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Әр сипаттағы шығармаларды тыңдауды, классикалық музыканы ажырата білу, тыңдаған әуенді әңгімелей білуді.

Игереді: ғарыш, ғарышкерлер, ғарыш айлағы туралы түсініп, түрлі сипаттағы әндерді анықтауды.

Меңгереді: әнді көңіл күйіне сәйкес орындауды, шығарманы тыңдап, мағынасын түсіндіре алуды.

51- 52 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз»

Мақсаты: вокалды және аспаптық музыкаға қызығушылығын арттыру. Күйші-композитор Н.Тілендиев туралы түсінік беру. Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, әсерлі реңктерін ажыратуға баулу. Ойдан би шығару іскерліктерін дамыту. Жұмбақтар шешу арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Құстарды қорғап, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: құстардың суреті, ойыншық құстар, құстар атрибуттары.

Алдын ала орындалатын жұмыстар: құстарды бақылау, түрлерін ажырату, құстарға ұя жасау.

Сөздік жұмыс: аққу, көкек, бұлбұл.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

Марш әуенімен кіріп, шеңбер бойымен тұруды ұйымдастырады.

Қолымызды жаяйық,

Құстай қанат қағайық. Үнтаспада «Жануарлар әлемі» әуені ойналып, кұстардың қанат қағуын көрсете жеңіл жүгіруді ұсынады.

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай - ау, алақай,

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап,

Гүл атты.

Маршпен шеңбер бойымен жүреді, аяқтарын нық басады.

Құстардың қанатын көрсете, қолдарын екі жаққа созып, аяқ ұшымен жүгіреді.

Бір орында айналады.

Балалар тақпақты бірге қайталап, еске сақтауға тырысады.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік


- Көктем мезгілі келіп, құстар да орала бастады.

Ендеше, құстар туралы жұмбақ шешейік.



Көктемде ұшып келеді, Жаздай концерт береді.

Өз атын өзі шақырады,

Сөйтіп күнді батырады.

Тұмсығымен ояды, Ағаш құртпын жояды.

Көктемгі тоғайға серуенге шақырады. «Полька» әуені ырғағымен балаларға «тастан секіру», «шалшық судан аттау», «бөрене үстімен жүру» қимылдарын көрсетуді ұсынады.



Тоғай, тоғай, көк тоғай,

Көк тоғайда көп торғай,

Тоғай іші қапырық,

Демалайық отырып, — деп, балаларға отырып, жайғасуларын сұрайды. Үнтаспадан құстар даусы естіледі («Табиғат үндері» жинағынан).

Құстар дауысын ажыратуларын сұрайды.



Музыка тыңдау: «Көкек» (Х.Мұхамедова, А.Рахмат, аударған М.Әлімбаев) әнін орындап, көкек әнін қайталауды сұрайды. Ән сипатын, мағынасын әңгімелейді. Балалардан сұрайды.

Көктем, көктем, көктемде

Құстардың бәрі де Әнші болып кеткен бе? Біз де ән салайың,

Шығып алып бөктерге!

Жұмбақтардың жауабын ойлана, қызыға шешіп табады.

Шешуі: Бұлбұл

Шешуі: Көкек

Шешуі: Тоқылдақ

Балалар әуен ырғағымен секіру, аттау қимылдарын көрсетеді, бірге жасайды.

Отырып демалуға жайғасады. Құстар үнін естіп елеңдейді, қызығушылықпен тыңдайды.

Дауыстарын ажыратып, аттарын атап айтуға тырысады. Әнді тыңдап, көкектің даусына бірге қосыла әндетеді. Өздері көрген, білетін құстары туралы әңгімелейді.

Әнді тыңдап, мағынасын түсінеді.






Дауыс жаттығуы: «Бұлбұл»

(Қ. Шілдебаев, А. Асылбек) үйретіп,

дұрыс тыныс алуларына, дауыс

ырғақтарына көңіл бөледі.



Ән үйрену: «Көктем» (А.Жайымов,

Қ.Сыдықов) әнін орындап, мәтінін

түсіндіріп, әуенін үйретеді.

Орындау барысында ырғақтық

ерекшеліктеріне тоқталу. Дыбыс

ұзақтығын алақандарымен

шапалақтау арқылы көрсету.

Дидактикалық ойын:

«Не қалай шақырады?»

(Ж.Тұрсынбаев, А.Асылбек)

ұйымдастырылады.

Балаларға қарға, көкек, шымшық

атрибуттары кигізіледі. Ән

мазмұнына сәйкес кұстар әндетіп

ұшады, даусын салады.

Жүзгенде көлдің сәні өзі, Жердегі құстың серкесі, Көктегі цүстың еркесі. Бұл не?

Балаларға аққу суретін көрсетеді. Би: «Аққу» күйі (Н.Тілендиев) үнтаспада немесе домбыра аспабында орындалады. Күйдің көркемділігін, үндестігін сезініп, түсінулеріне ықпал етеді. «Аққу» күйіне қыздарға би қимылдары үйретіледі. «Аққу» биінің («Билеп үйренейік» жинағынан) элементтерін көрсетеді.



Дауыс жаттығуын айтқанда дұрыс тыныс алу, әндете созу, дыбыс ұзақтылығын сақтайды.

Әннің сипатын ажыратып, шапалақтап көрсетеді. Әртүрлі құстардың дауысын салып, ұшуын қимылмен көрсетеді. Үш топқа бөлініп, ойынды қызыға ойнайды.

Ойын шартын сақтап, көңілді ойнап, қызығушылықтары артады.

Балалар жұмбақты біріге ойлана шешуге тырысады.

Аққу құсы туралы біліп,

суретін көреді.

Күйді тыңдап,

эсер алады,

қызығушылықтары

оянады.


Би элементтерін нәзік, баяу көрсете, мәнерлеп билеуге талпынады, үйренеді.

Рефлексиялық - түзетушілік


Келіп көктем құстары, Бау-бақшада ән салды. Оларды жас достары Ұя жасап қарсы алды.

- Қандай құстың даусын ұнатасың?

- Сенің аулаңда қандай құстар бар?

- Құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар? Алдын ала бірігіп жасаған ұяларды бақ ішіне, ауладағы ағаштарға бекітуді ұйымдастыру.



Құстар туралы өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақтар айтып, сайысқа түседі. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, кұстарға жасаған өз қамқорлықтары туралы қызу әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканың эмоциялық мазмұнын жеткізу, күйші-композитор Н.Тілендиев туралы түсінік алу. Ән мәтінін түсініп, таза"айту, мазмұнын әңгімелеуді.

Игереді: құстар туралы біліп, мағлұмат алады. «Көктем» әнін үйреніп, мазмұнын түсінеді, «Аққу» биінің элементтерін игереді.

Меңгереді: әннің музыкасын әндете айтуды, дұрыс тыныс алуды, өз мәнінде нақышына келтіре орындауды, құстардың дауысын ажырата алуды.

53 - 54 технологиялық карталар



Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Бақшадағы ән - сауық»

Мақсаты: музыкаға қызығушылығын дамытуды жалғастыру. Музыкалық шығармашылыққа, қабілеттерін ұштауға баулу. Әуендік, динамикалық есту, ырғақты сезіну қабілеттерін дамыту. Би қимылдарына, ойын әрекеттеріне қатысу белсенділігін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: түрлі түсті шарлармен зал іші безендіріледі.

Қажетті құрал-жабдықтар: қуыршақтар, ойыншықтар, «Әуенді сағат» дидактикалық ойынының карточкалары.

Алдын ала орындалатын жұмыстар: балабақша, достары туралы тақпақтар жаттау.

Сөздік жұмыс: қуыршақ мұңы, жас дәуір, түлек.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Музыка жетекшісінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

«Біздің балабақша» (Б.Қыдырбаева, М.Әлімбаев) әні ойналып, балаларды залда қарсы алады.

Қанша бала, қанша қыз,

Бір шоқ гүлміз баршамыз.

Ойын-күлкі ордасы

Біздің балабақшамыз! Өлеңді айтып беріп, балаларға «Тату достар» (И.Штраус) әуеніне өз беттерінше би қимылдарын ойлап тауып, жұптасып билеуді ұсынады.

- Балабақша туралы қандай тақпақ - өлең білесіңдер?

- Балабақшада не үйренесіңдер? - деген сұрақтар қою арқылы балабақша туралы әңгімелесу.

Аяғы бар, жүрмейді,

Аузы бар, күлмейді.

Айнымайды бөпемнен,

Тек сөйлеуді білмейді. Бұл не?

Ойыншық, қуыршақтарды алып, «Ойыншықтармен би» қимылдарын үйретеді. Қуыршақтарды бірге қозғап, қимылдарын бірқалыпты жасауға дағдыландырады.



Музыка тыңдау: «Қуыршақ мұңы» (Б.

Жүсібәлиев) әуенін тыңдауды ұсынады. Әуенді тыңдатып, сипаты туралы сұрайды. Қуыршақтары туралы әңгімелеп берулерін өтінеді. «Қуыршақтар әуенін» (М.Калганова) тыңдатып, екі әннің ерекшеліктерін сұрайды.



Дауыс жаттығуы: «Әлди-әлди» және «Ән шырқайық»

орындалады. Дикцияның анық айтылуы мен дауысты дыбыстарды ауызды «дөңгелете» айту әдісімен жаттықтыру.



Қол ұстасып, өздері ойлап тапқан би қимылдарын жасайды.

Музыканың ширақ, ойнақы сипатын көрсете билейді.

Балабақша туралы тақпақ - өлеңдер айтады.

Өз балабақшасы, достары туралы әңгімелейді.

Шешуі: Қуыршақ

Қуыршақтарды ұстап, би қимылдарын бірге мәнерлеп орындайды. «Қуыршақ мұңы» - мұнды, жабырқау Әуенді тыңдап, сезінеді, мағынасын түсінеді, әңгімелейді.

Ойнақы, жеңіл музыкаға қуыршақтарын қозғап, билетеді. Дауыс жаттығуына қуыршақтарын ұйықтатып, әлдилейді. Дауыстарын қатты және жай (f, р) шығаруға дағдыланады.


Ұйымдастырушылық - ізденушілік


Ән үйрену: «Жас дәуірдің түлегіміз»

(Т.Жұмалиева, Е.Өтетілеуұлы) әнін орындап, мұқият тыңдауды ескертеді. Әннің мазмұнымен қысқаша таныстыру, көңілді, ойнақы әуеніне көңіл бөлу.

Әнді үйреткенде сөздерді анық айтуына, бірге бастап, бірге аяқталуына назар аудару.


Әннің көңілді жарқын сипатын сезініп, үйренеді. Ырғағы мен динамикасын шапалақтап көрсету арқылы есте сақтайды.




Ойын: «Алтын қақпа». Ойынның сөздерін жатқа айтып, бірдей қимылдап, ойын шартының орындалуын қадағалайды. Ойынға белсене қатысқан балаларды мақтайды. Би: «Аққу» биінің негізгі элементтерін үйретіп, мәнерлеп орындауға дағдыландырады («Билеп үйренейік» жинағынан).

Әуенді-дидактикалық ойын: «Әуенді сағат» ойналады. Өткен оқу іс-әрекетіндегі әндер орындалып, тыңдалып, ән мәтініне сәйкес бейнеленген суретті сағат тілімен көрсету. «Әуенді сағат» үлестірмелі карточкасын барлық балаға тарату. «Аққала», «Жаңбыр», «Добым менің», «Аязата», «Қуыршақ», т.б. әндер орындалады.

Ойынды қызыға ойнап, ұйымшылдықпен белсене араласады. Балалар шапшаң қозғалуға, тез қимылдауға, жүгіруге дағдыланады.' «Құс канаты», «кұс тұмсық» би элементтерін үйренеді, мәнерлеп орындайды. Әндерді тыңдап, ажыратып көрсетеді. Үйренген әндерін еске түсіріп, әуенді сағатта бейнеленген мазмұнына сәйкес суретті тауып көрсету.

Рефлексиялық - түзетушілік


- Сендер барлық өнер түрін балабақшада үйренесіңдер.

- Сендерге балабақша ұнай ма?

- Сүйікті ойыншығың не?

- Қандай өнер түрі ұнайды?



Жатқа білер дос атын,

Күнде бізді тосатын.

Балабақша - біздің үй,

Басымызды қосатын.

Оқу іс-әрекетін қорытындылайды.



Балабақша, достары туралы тақпақ, өлеңдер, ән айтып сайысқа түседі.

Балалар сұрақтарға көңілді жауап беріп, өз ризашылықтарын білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет