Мектепалды даярлықТАҒы арт-технологиялар


Сөздік дидактикалық ойындар



бет3/3
Дата08.03.2023
өлшемі30,62 Kb.
#171454
1   2   3
Байланысты:
20-26.02.2023ж Мектепалды даярл.Арт-технологиялар. 6тапс

Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі – сабақтың әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиешінің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын-ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға байланысты. Ойындарды өткен сабақты қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы.
Ойын түрлерін сабақ мазмұнына қарай, белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталауға бермеу керек, ол үшін өтілетін сабақтың тақырыбына келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру керек. Барлық сабақтарда дидактикалық ойындар қолданылады, оны сабақтың ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы сауат ашу сабағында дидактикалық ойындар балаларды тәрбиешінің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, олардың ой-өрісін дамытуға үйретеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет