Дене тәрбиесі – тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т.б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс.
Сауықтыру міндеттеріне — денсаулық күйін жақсарту, одан әрі нығайту, ағза түрлерінің және қызметтерінің үйлесімді дамуы, тұлға мүсінінің дұрыс қалыптасып жетілуі жатады. Нақтылы педагогикалық жүйеде барлық міндеттер өзара тығыз байланыста болады. Әрбір сабақ шын мәнінде сауықтыру және сауықтыру-тәрбиелік міндеттерін шешеді. Дегенмен, дене тәрбиесінің жекелеген кезеңдерінде олардың біреуінің мәні басымырақ болуы мүмкін. Мысалы, қозғалыс әрекеттерін оқып-үйренуді алғашқы бастаған кезде білім беру міндеттері жетекші рөл аткарады, ал оны одан әрі жетілдіру әдістерін меңгеріп, оны жетілдіру кезеңінде бірінші кезекте тәрбиелік міндеттер тұрады. Сауықтыру міндеттерін шешу арқылы адамның материалдық қоры — мықты денсаулық, ағзаның жоғары қызмет мүмкіндігі, сүлу сымбаттылық калыптасады, бұларсыз адамның дене қасиеттерін жетілдіру туралы ойлаудың өзі мүмкін емес. Дене шынықтыру жаттығуларымен шүғылданған кезде, адамның табиғатына оның жоспарлы әсері байқалады.
Дидактикалық ойындар – балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсаты, маңызы бар әрекет. Ойындарды бала тәрбиесіне енгізу үшін тәрбиешілер көптеген жұмыстарды атқарады.
Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану – сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде, ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда дидактикалық ойындарды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын-ала жұмыс жүргізу керек.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және тағы басқа.