Мектепішілік «Абайды, оқы жалықпа» байқауының бағдарламасы Тақырыбы: Абайды оқы, жалықпа!



бет2/2
Дата06.09.2022
өлшемі31,36 Kb.
#148849
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Абайды оқы, жалықпа атты мәнерлеп оқу сайысы

«Абай дана, Абай дара қазақта»

І-жүргізуші:-Қайырлы күн,құрметті қауым!


ІІ-жүргізуші:-Бүгін осы кішкене залда қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де,аруақты әлем әдебиетінің жарық жұлдызы-Абай туралы сыр шертпекпіз.


ІІІ-жүргізуші:-Қай елдің болса да,тәңірдей табынып,құдайдай мінәжат ететін киелілері болады ғой.Абайдың сөзі-халқымыздың,ұлтымыздың ұраны.Абай-алты алаштың,иісі қазақтың пайғамбары.


ІҮ-жүргізуші:-Бүгінгі сәулелі мезетте біз ұлы тұлғамыз-Абай Құнанбаевтың құрметіне арналған кезекті «Абай оқулары» әдеби-монтажды сыр мен сезім жарысына жиналып отырмыз.


І-жүргізуші:-Мектепішілік «Абай оқулары» 3 кезеңнен тұрады.Сахна төріндегі экранға қарап,байқаудың кезеңдерімен таныс болайық.


ІІ-жүргізуші:-І-кезең «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы».Бұл кезеңде Абай Құнанбайұлының шығармаларын жатқа оқу қажет;

ІІІ-жүргізуші:-ІІ-кезең «Көңілім әнді ұғады» -Абайдың әндері мен күйлерін орындау сайысы;


ІҮ-жүргізуші:-ІІІ-кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» - жас дарындар сайысы./өз шығармаларын орындау/


І-жүргізуші:-Сайыскерлердің Абай шығармалары қаншалықты сезіне алатындығын талқыға салатын әділ-қазылар алқасымен таныс болайық.


ІІ-жүргізуші:-Мамедиярова Роза Момынқызы-оқу ісінің меңгерушісі,қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;


ІІІ-жүргізушісі:-Садуакасова Бахыт Мұқанқызы-жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі;


ІҮ-жүргізуші:-Житник Наталья Николаевна - бірінші санатты орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, «Болашақ» жасөспірімдер ұйымының жетекшісі.


І-жүргізушісі: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» сайысына 27 талапкеріміз;


ІІ-жүргізушісі: «Көңілім әнді ұғады» сайысына 5 талапкеріміз;


ІІІ-жүргізуші: «Жүйріктен жүйрік озар,жарысқанда» жас дарындылар сайысына 3 талапкеріміз бағын сынамақ.


ІҮ-жүргізуші:Талапкерлерге сәттілік тілейміз.


І-жүргізуші:-Сайысымыздың беташарын «Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» номенациясы бойынша 10 «ә» сыныбының оқушысы Мустафина Асыл ашады.


І-жүргізуші:-Әділ қазылар алқасынан Асылдың ұпайларын көрсетуді өтінеміз.

ІІ-жүргізуші: -Ақынсың,данасың


Қазаққа панасың.
Елім деп,жерім деп,
Өткен бір данасың,-дей отырып,Іноминация бойынша өнер көрсететін 8 «б» сынып оқушысы Жаппасова Бахытты шақырамыз.
ІІ-жүргізуші:-әділ – қазылар Бахыттың ұпайларын көрсетіңіздер.

ІІІ-жүргізуші:-Құрметті қауым,бүгінгі сайысымызға қонақ болып келіп отырған,осы сахнада Абай атамыздың өлеңдерін алғаш рет орындайын деп тұрған бастауыш сынып оқушылары бар екен.Ендеше,сахнаға 3 «б» сынып оқушылары –Янкова Алина мен Амренова Дананы шақырайық.


ІҮ-жүргізуші:-Қазақстанның боашағы-жастары,ал біздің мектептің болашақтары-жоғары сынып оқушыларының ізбасарлары Добрянский Игорь мен Николаев Сергейді қарсы алайық.


І-жүргізуші:-Өлең, жырын қазағына арнаған,


Елдің қамын тебірентіп толғаған.
Халқы үшін мыңмен жалғзыз алысқан,
Бұл заманда Абай сынды бар ма адам?!
«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы»кезеңінің талапкері 8 «А» сынып оқушысы Жумагалиева Диананы қошеметпен қарсы алайық.
І-жүргізуші:Әділ-қазылар алқаларынан Диананың ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші:-Өтер айлар,өтержылдар,ғасырлар


Ұмытылмас өзің сындыы асылдар.
Ойы ұшқыр,сөз қадірін түсінер,
Ұрпақтарын өздеріңе бас ұрар.
Сахнада сынып оқушысы-Шишкин Стас.
ІІ-жүргізуші:Әділ-қазылар алқасынан Стастың ұпайларын сұраймыз.

ІІІ-жүргізуші:-Абай сынды 100 жылда бір жүниеге келетін ұлы тұлғаның өлеңдері тек өмірдің мәні мен сәнін түсініп қалған адамдарды ғана емес,бүлдіршін бөбектерді де тебірентеді.Олар да Абай шығармаларын сүйсіне оқиды.Сондай бүлдіршіндеріміз-Абдрахманова Анель мен Марченко Ангилинаны шақырамыз.


ІІ-жүргізуші:-Иә,бүгін сахнада аға-әпкелерімен қатар тайсалмай тең дәрежеде өнер көрсетіп жатқан бүлдршіндеріміз Абай шығармаларын келесі ұрпаққа таза күйінде жеткізетіндігі хақ.Сонда ұлы Абай қазақ сахарасында мәңгілікке ғұмыр кешпек.


Сахнада 3 сынып оқушылары-

І-жүргізуші:-Абай атамыз сияқты қазақ әдебиетін дүр сілкіндірген Мұхтар Омарханұлын атамай өткеніміз әділдікке жатпас еді.


ІІ-жүргізуші:Абайдың бар болмысын кейінгі ұрпаққа шынайы қалпында жеткізген Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетінің таңдайын қақтырды.


І-жүргізуші:Абай атамыз қазақ сахарасының бұлаңдап өскен еркесі еді.Құнанбай мен ұлжандай ақыл иелерінен туған,Зередей дана анадан тәлім мен тәрбие алған Абай атамыз дана болмағанда кім дана болмақ.


ІҮ-жүргізуші: «Абай жолы» роман-эпопеясының «Қайтқанда»бөлімінен үзінді көрініс.


ІІ-жүргізуші:Шығыс әдебиеті ғана емес,орыс әдебиетінен нәр алып өскен Абай атамыз Пушкиннің шығармаларын оқып қана қоймай,аударма ісімен де айналысты.Осының көрінісі ретінде сахнада 10 сынып оқушысы Петрова Юлия.
ІІ-жүргізуші: Әділ-қазылар алқаларынан Юлияның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІІ-жүргізуші:-Табиғат лирикасын жырлауда ұлы Абайдың өзіндік бір қанық бояуы бар.


Сахнада 8 «б» сынып оқушысы –Нургазина Рината.
ІІІ-жүргізуші:- Әділ-қазылар алқаларынан Ринатаның ұпай сандарын сұраймыз.

ІҮ-жүргізуші:-Әлем жұртшылығына Абай атамыз ақындық жағынан ғана емес,композиторлық жағынан да танылған.Сахнада Зайцева Анастасияның орындауында ән.


ІҮ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Настяның ұпай сандарын сұраймыз.

І-жүргізуші:Жас ұрпақ үшін Абай өнегенің,өнердің,әділеттің,адамгершіліктің,адам ұлы бола білеудің,халық үшін күресудің үлгісі дей отырып,сахнаға Архипова Анастасияны шақырамыз.


І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Настяның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші Оу,ұлы бабам,атыңнан айналайын,Абай атам біз сіздің шөбереңізбіз.Бүгін сіз туралы тебіреніп,толғанып,сіздің дара тұлғаңыз,біздерге қалдырған қасиетті мұраңыз жайлы сыр шертпекпіз.


8 «в » сынып оқушысы Романова Катяны ортаға шақырамыз.
ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Катяның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІІ-жүргізуші :Қабыл ал,жас өркендеріңді,ақ батаңды бер,аруақты бабам!


6 «А» сынып оқушысы Лотова Регина
ІІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Регинаның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші :-Жер бесігіңнен,торқалы топырағыңнан шығып,бір сәт болса да,біздің ортамызға орал ұлы бабам!


Ким Полина 6 «А» сынып оқушысы.
ІҮ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Полинаның ұпай сандарын сұраймыз.

І-жүргізуші :Абайдың өз басы,ой-санасы,ұғым-нанымы,жалпы ішкі дүниесі де,әрине бір орында қалып қойған жоқ.Үздіксіз өзгеру,өрбу,жаңғыру,жаңару үстінде.


Сахнаға ХІ қалалық Абай оқуларының мүшесі 9 «в» сынып оқушысы Заватская Олганы шақырамыз .
І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Оляның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші:-«ЖІГІТТІ Жұрт мақтаған,қыз жақтаған»дегендей Тоғжанның махаббаты да тұңғыш рет Абай Сүйіндік үйіне барғанда-жас қонақ пен әкесінің әңгіме-мәслихатының үстінде тұтанғандай. «Бел-белесте» бөлімінен көрініс.


ІІІ-жүргізуші:-Абай жырлаған табиғат лирикасы әлем әдебиетінде алатын орны ерекше.Өз шығармаларында кейіптеуді еркін пайдаланған ұлы ақынның өлеңдерін тебіренбей оқу мүмкін емес. Айтқалиев Аян 5 «ә» сынып оқушысы.


ІІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Аянның ұпай сандарын сұраймыз.

І-жүргізуші Абай халықты надандықтан алып шығудың бірден-бірі жолы оқу,өнер деп білді.Оның осы тақырыпқа жазған бірнеше өлеңдер ақынның ағартушылық,адамгершілік көзқарасын ерекше танытқандай.


ІҮ-жүргізуші Журковская Виктория 6 «б» сынып оқушысы.
ІҮ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Виканың ұпай сандарын сұраймыз.

І-жүргізуші Қазақ музыкасында ән мен романс жанрының қалыптасып,өркендеуіндегі Абай мұрасының мәні ерекше. Лагай Максим 6 «б» сынып оқушысы.


І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Максимнің ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші Абайдың лирикалық поэзиясы мен әндерінен осынау жанрда еғбек еткен композиторлар нәр алды. Қапас Арман 6 «В» сынып оқушысы.


ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Арманның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІІ-жүргізуші Абай мұрасының «Батыс Европа әдебиетімен байланыстыра әр түрлі тұрғыдан,бірнеше арнада қаралуға лайық. Рысбекова Аружан 6 «В» сынып оқушысы.


.ІІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Аружанның ұпай сандарын сұраймыз

ІІ-жүргізуші:-Тумыснан зерек,қабілетті,өнерлі жігіт оттай жанып,шоқтай маздап,әке сынынан сүрінбей өтеді.Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым,жақсы атақ қалып отырады.


ІҮ-жүргізуші Ершов Виктор 7 «б» сынып оқушысы.
ІҮ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Виктордың ұпай сандарын сұраймыз.

І-жүргізуші:-Абайдың ақындық,композиторлық мұрасы,ағартушылық еңбегі қазақ халқының мәдени тарихының ажырамас бөлігіне айналып,музыкалық жанрды дамытуға жол салды. Ән.Сайдуллаева Иродахон


І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Ироданың ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші:-Абайдың поэзиясы мен музыкасы бай мұрасының қайнар бұлағынан нәр алған Қазақстан композитрлары әр түрлі көркемдік шешу табу жолында құнарлы еңбек етті. 6 «б» сынып оқушысы Тарасова Марина


ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Маринаның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІІ-жүргізуші: Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Сахнада 7 «ә» сынып оқушысы Акимбаева Камила.


ІІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Маринаның ұпай сандарын сұраймыз.

ІІ-жүргізуші: Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Абай есімі дүние жүзі халықтары әдебиетінде Шекспир, Пушкин, Гетелермен қатар тұрады


ІҮ-жүргізуші: Сахнада 8 «в» сынып оқушысы Губская Валерия
Іү-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Маринаның ұпай сандарын сұраймыз

І-ж Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылім-былым үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді.


Сахнаға 7 «б» сынып оқушысы Курмашев Темирханды шақырамыз.
І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Темирханның ұпай сандарын сұраймыз

ІІ-жүргізуші:Абай мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отыратын асыл мұрасы.Кеудесіндегі жүрегі «Мен қазақпын» деп соғатын еліміздің әр азаматы Абай шығармаларын оқып,біліп сезінуге міндетті.


Сахнада 8 «б» сынып оқушысы Салмурзаева Асем.
І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Асемнің ұпай сандарын сұраймыз

ІІ-жүргізушуі:Сыйласарлық тектінің


Кім танымас нұсқасын?
Күнде өзімшіл ептінің
Несін адам ұстасың?
Сахнада Семенова Лидия
ІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Лидияның ұпай сандарын сұраймыз

ІІІ-жүргізуші:Сыналар ,ей,жігіттер келді жерің,


Сәулең болса бермең кел талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немен екен-
Соны білсең әрнені білгендерің
Сахнада 6 «б» сынып оқушысы Шалин Шах
ІІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Шахтың ұпай сандарын сұраймыз

І-жүргізуші:Абайды танып білу,оның шығармаларымен сусындап өскен өрендер өмір атты асау ағысты дұрыс бағытта сүре алатыны шындық.. Ал біздің жас өрендер Абайды оқып қана қоймай,ұлы тұлғаға өз шығармаларын арнап та үлгерген.Осындай жас таланттың бірі, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткері-Алиева Дананы қошеметпен қарсы алайық..


І-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Дананың ұпай сандарын сұраймыз.

ІІІ-жүргізуші:-Қазір біздің тәуелсіз мемлекетімізде «Абайтану» жеке бір сала,жеке бір ғылым.Осы салада еңбек етіп жүргек өрендеріміз баршылық.Осындай бастау біздің мектептің оқушыларынан да байқалып жүр. Сахнаға жас ақынымыз «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінің үміткері-Алтаев Саятты қошеметпен шақырамыз.


ІІІ-жүргізуші Әділ-қазылар алқаларынан Саяттың ұпай сандарын сұраймыз.

ІҮ-жүргізуші Құрметті қауым,


І-жүргізуші: өнер сүйер жас ұрпақтар,
ІІ-жүргізуші:Абайдың шығармашылығын шәкірт санасына құйып жатқан қадірлі де,сүйікті ұстаздарымыз
ІІІ-жүргізуші: «ІІ-ші мектепішілік Абай оқулары» сайысымыз мәресіне жетті
І-жүргізуші:ендігі сөз кезегін Әділ-қазылар алқасна береміз.

ІІ-жүргізуші Көріскенше күн жақсы.


Дайындаған.Омарова Д.Т.


Ақ жайнақ деп атыңды анаң қойған,
Ақылың мен ажарың бірдей болған
Талай сұлу өмірде болса-дағы,
Бір өзіңдей сәулем-ау болсын қайдан!

Қайырмасы:
Мен келгенде Ақ жайнақ,
Шай орамал боз бойлап,
Жүрсің бе әлде той тойлап, той тойлап, той тойлап.

Еркелетіп өзіңді бала сынды,
Ұнатамын күлімдеп қарасыңды,
Жақсылардың көңілі алтын сандық,
Сыйластығы, әзілі-ей жарасымды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет