Мектепішілік (география) олимпиаданың теориялық І туры. 8 сынып.
1. 1. Сауалнама тест – 10 ұпай.
1.1. Аталған жазықтардың қайсысы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан ?
а) Торғай үстірті ; б) Сарыарқа ;
ә) Батыс Сібір жазығы ; в) Тұран ойпаты ;
1.2. Мына тұжырымдар дұрыс па ? ( дұрыс, дұрыс емес )
а) Қазақстан жерінде кембрий дәуіріне дейін пайда болған ежелгі платформа бар.
ә) Тянь- Шань тауының солтүстігі протерозой эрасында көтерілген.
б) Қазақстан территориясына Тұран ойпатының солтүстігі енеді .
в) Кайнозой эрасының неоген дәуірінде Каспий, Арал теңіздері оқшауланды.
г) Жер тқыртысының қалың қабаты таулы аймақтарға сәйкес.
1.3. Аталған өзендердің қайсысы ішкі алапқа жатады ? ( астын сыз)
Ертіс, Сырдарья, Жайық, Есіл, Іле, Тобыл.
1.4. Төмендегі өсімдіктер Қазақстанда қай жерде өседі ?
а) Шүрен қызғалдағы - ә) Шренк шыршасы –
1.5. Қазақстан қандай пайдалы қазбалардан дүние жүзінде ондыққа кіреді ? Дұрыс жауаптың астын сыз.
Көмір, темір, вольфрам, мұнай, қорғасын, хром, никель
Достарыңызбен бөлісу: |