Адамгершілік тәрбиесінің ұстанымдары. Балаларды тәр-биелеу міндеттері мен мазмұны мақсат көздеушілік ұстанымы негізінде жаса-лады. Қазақстанда мектепке дейінгі балалар ұйымында адамгершілік тәрбие, достық, бейбітшілік, туысқандық, ынтымақтастық, өзара құрмет негізінде жүр-гізіледі. Педагог барлық оқу-тәрбие жұмысында осы ұстанымдарды басшылық-қа алады.
Адамгершілік тәрбиесінің маңызды ұстанымы – балаларды ұжымда тәр-биелеу. Мектепке дейінгі ұйым балаларды бірігуге, мақсаттар мен міндеттер барлық балаларға ортақ болуы керектігіне, мақсаттар мен міндеттерді бірге ше-шуге үйретеді. Ұжымның маңыздылығы балада достық сезім, айналадағыны құрметтеу, өзара көмек, адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынастар тәр-биелеуде, жеке басын қоғамдық бағытта қалыптастыруда. Адамның жеке қасие-ті, қабілеттілігі, адамгершілік сапалары, моральдық тазалығы ең алдымен оның іс-әрекетінен көрінеді. Ұжымда бала өзінің білімін, айналадағы болмысқа көз қарасын көрсете алады.
Ұжымда тәрбиелеу ұстанымы балаларды бірлесіп қызмет етуге, бірлесіп күш жұмсау арқылы мақсатқа жетуге үйретеді. Қарым-қатынас жасау арқылы бір-біріне өзара ықпал етеді.
Келесі ұстаным – балаға талап қоюды оның жеке басын құрметтеумен ұштастыру. Бұл адамгершілік моральдің мәніне сай келеді: адамды құрмет-теуге және оның адамгершілігін бағалауға негізделген. А.С.Макаренконың оқы-ту жүйесінде нақты көрініс тапқан бұл ұстанымды қолдану тәрбиешіден мейі-рімділікті, балалардың жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәрбиесін, дамуы мен мүмкіншіліктерін ескеруді талап етеді.
Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі ұстанымы адам-гершілік тәрбиесі құралдары мен әдістерін таңдап алуда кешенді көзқарасты та-лап етеді. Тәрбиелік іс-шара мазмұнын белгілеуде оның балада көңіл-күй туды-ратындай болуын, түсініктілігін, айналадағы өмір туралы белгілі бір ұғымдар қалыптастыратындығын, саналы мінез-құлыққа тәрбиелейтіндігін ескеру керек.
Мектепке дейінгі ұйымда және отбасында балаға қойылатын талап-тардың жүйелілігі, бірізділігі және бірлігі ұстанымы мінез-құлық дағдыларын меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогтан тәрбие жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуі және тәрбие міндетін бүкіл топпен және әр баламен біртіндеп күрделендіре отырып жүзеге асыруы, адамгершілік қасиетті қалыптастыратын қылықтарды жүйелі түрде жаттықтыруы тиіс. Тәрбие міндеті толық шешілуі мақсатында ата-аналар мен тәрбиешілер қоятын талаптар бірдей болуы қажет. Талап бірдей болмаған жағдайда балалар өз мінез-құлқын саналы басқара алмайды, тек үлкендердің бұйрығына бағыну қалыптасады да бейімделгіш болу қаупі туады.
Бұл ұстаным педагогтан баланың отбасымен тығыз байланыста болуын, түсіністікпен жұмыс жүргізуді, ата-аналарға белгілі бір ұсыныстар жасап, бала-ларға ықпал етудің ортақ, біртұтас әдістерін жасауды талап етеді.
Балаларды құрдастар ұжымында тәрбиелеу жеке-дара тәсіл ұстанымын қажет етеді, балалардың жас ерекшеліктерін, адамгершілік түсінік дәрежесін және баланың мінез-құлық тәжірибесін ескеру керек. Педагог бұл ұстанымды жүзеге асыруда баланың психо-физиологиялық және жеке-дара дамуының ерек-шеліктерін терең білуі керек.
Педагог балаға жеке-дара қарау міндеттері мен әдістерін белгілейді. Бала-лар тобында өзара жақсы қарым-қатынас болуы үшін бір балаға көнуді, барын бөлісе білуді, екіншіге – белсенді болуды, өз пікірін қуаттай білуді, үшіншіге – құрбыларының мүддесімен санаса білуді, өз тілегін қоя тұруды, төртіншіге – ойыншықты бірлесе пайдалануды, ұжымдық ойын туралы жылы шыраймен ке-лісе білуді, ал бүкіл балалар ұжымына – өзара жақсы қарым-қатынаста болуды үйретеді.